Ресей армиясы Краматорск вокзалын ракетамен атқылады
КИЕВ. 8 сәуір. Ресей оккупанттары Краматорскідегі темір жол вокзалын касетті «Искандер» ракетасымен атқылады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Донецк облыстық әскери әкімшілігінің бастығы Павел Кириленко осының салдарынан 30 адам оқиға орнында қаза тауып, 100-ден астам бейбіт тұрғын әртүрлі жарақат алғанын баяндады.
Оның айтуынша, қала тұрғындары эвакуация жасалып жатқандықтан, атқылау орын алған кезде вокзалда мың қаралы адам болған.
Кириленко сондай-ақ басқыншылардың «қайда қарай снаряд жіберу керек екенін жақсы білгенін, жұрттың үрейін туғызып, қорқытып қою үшін әдейі осылай қарай зеңбіректен оқ атқанын» әңгімеледі.
Украина президенті Владимир Зеленский болған оқиғаға байланысты өзінің ойын білдірді. Ол ресейліктердің бейбіт халыққа қарсы кассетті «Искандерді» пайдалануының өзі соғыс қылмысы болып табылатынын айта келіп, мұның бәрі соңыра ескерілетінін жеткізді.
«Бұл – шегі жоқ зұлымдық. Егер оны жазаламаса, ешуақытта да тоқтамайды», – деді ол.