Буча құрбандары көшелерде бірнеше күн жатқан – New York Times
КИЕВ. 5 сәуір. Киев облысындағы Буча қаласында оккупанттар өлтірген соғыс құрбандары көшеде бірнеше күн шашылып жатқан. Бұл туралы New York Times хабарлады.
Спутниктен бірнеше күн бойы түсірілген суреттерді мұқият зерттеген газет тілшілері сондай тоқтамға келді. Кейбір жергілікті тұрғындардың мәйіттері көшелер бойларында наурыздың ортасынан бері бірнеше апта шашылып жатқан.
Қаншама деректер мен дәйектер айтылып, көрсетіліп жатқанына қарамастан, РФ Қорғаныс министрлігі бұл қылмысты мойнына алмай, тайқып кетуге әрекет жасап бағуда. Ол бұл қаладан 30 наурызда кетіп қалғандарын алға тартып, ақталғылары келеді.
Алайда, көшедегі кейбір мүрделердің мұнда 15 наурыздан бері жатқандарын спутниктен түсірілген рәсімдер толық айғақтап беріп отыр.
Осы жерде оккупанттар ескі тәсілге көшіп, жасаған қылмыстарынан бас тартудың барлық амалдарын жасап бағуда.
Украина президенті Владимир Зеленский басқыншылардың бұл орайда жазасыз кетпейтінін сенімді түрде айтты.
«Олар фактіні бұрмалауға тырысады. Бірақ күллі әлемді алдай алмайды. Қазір күнтізбеде 2022 жыл, олардың тайқуға қатысты табатын тәсілдерінен гөрі, бізде қазір олардың жасаған қылмыстарын дәлелдеп көрсетіп, мойындарына салып беретін құралдар Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін нацистерді жауапқа тартқан кездегіден әлдеқайда көп»,– деді ол.
Президенттің айтуынша, оккупанттардың Киевщинада бейбіт азаматтарды жаппай қырғандары жөніндегі ақпаратпен бүкіл әлемге тарап кеткеннен кейін «олар біздің мемлекетіміз территориясының басқа жерлерінде жүрген кездерінде жасайтын қылмыстарына енді басқаша көзбен қарайтын болады».
«Соғыс басталғаннан жалған сөйлегеннен басқаны білмей келе жатқан олар енді өз кінәларын жабу үшін тағы бір өтіріктің науқанын бастап кетті. Бұлар қолдан ұйымдастырылған ондаған қойылымды сұхбаттар жүргізеді, адамдарды құдды біреу келіп әдейі өлтіріп кеткендей етіп өлтіреді, залымдық пен зұлымдықтың барлық түріне қымсынбай барады. Олар ұдайы өз қылмыстарының артын жасырып кетуге күш салады», – деді Зеленский.
Ол «ақыл-есі дұрыс кез келген адамның украин жеріне бұл соғыс пен жаппай қырғынды кімдердің әкелгенін айтпай-ақ түсінеді» дегенге тоқталды.