Атамбаев: көтерілісшілерді емес, соған жеткізгендерді жазалау керек
БІШКЕК. 26 қаңтар. Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев Қазақстандағы қаңтар қырғынына байланысты сөз қозғағанда, көтеріліске шыққан халықты емес, оларды сондай жағдай жеткізгендерді жазалау керек екенін мәлімдеді.
«Халық толқуына қатысқандарды емес, қарапайым адамдарды сондайға дейін жеткізген кімдер, соларды жазалау керек», дегенді айтты Атамбаев.
Ол әлдекімдердің өзін Мұхтар Әбіләзовпен байланысы бар етіп көрсеткілері келетіндеріне де нақты жауап қайтарды.
«Белгілі қазақ оппозиционері Мұхтар Әбіләзовпен менің әлдеқандай бір келісімім болғаны жайлы қауесетке байланысты онымен ешқашан кезпегенімді және сөйлесіп көрмегенімді ғана айта аламын. Босамаса, сондықтан мен онымен ешқандай келісім жасасқан емеспін. Бәлки, әлдекімге осылай шатастыру керек болған шығар. Рас, 2016 жылдың қыркүйегінен кейін менің Нұрсұлтан Назарбаевпен ара-қатынасымның бұзылғанын жасыра алмаймын. Бірақ бұл басқа гәп…
Әлдекімге солай етіп көрсету тиімді болып тұрғанына қарамастан, Қазақстандағы толқуды сырттағы біреудің ұйымдастыра қоймағаны да айдан анық нәрсе.
Кез келген елдегі төңкерістер мен көтерілістер барлық уақыттарда дарынсыз биліктің өзінің халыққа қарсы іс-әрекеттерінің нәтижесінде тұтанып кетіп тұрған. Қазақстанда да бұған сыртта тұратын оппозиционерлердің немесе босамаса шетелдік лаңкестердің ешқандай қатыстары болған жоқ. Халық толқуының бірқатар себептерін Қазақстан Президенті Тоқаев, өте бір айрықша дипломатиялық тұрғыда болса да, өте әдемі жеткізіп айтып берді. Мен енді ол солардың себептерін жоюдың батыл шараларын қабылдайтын шығар деп үміттенемін. Бірақ, менің көзқарасымша, қазір елдің экономикасына ғана емес, сонымен қатар оның саяси жүйесіне де түбегейлі реформалар керек, өйтпейінше, мына жағдай енді бұдан әлдеқайда кең ауқымда қайталанады.
Иә, әрине, халық толқуына қатысқандарды емес, қарапайым адамдарды осыған дейін жеткізгендерді жазалау керек. Өз халқын тонағандарды, өз азаматтарын репрессиямен тұншықтырғандарды, дем алуға мұрсат бермегендерді жазалау керек. Мен өзімнің тәжірибеме сүйеніп айта аламын: билік иесіне ылғи өзінің пайдасын көздеп тұратын күштік құрылымдарға емес, еркін баспасөз бен қарапайым адамдарға көбірек сену керек. Сол кезде ҰҚК – Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдегі ұлттық қауіпсіздіктің қауіп-қатері бола алмай қалады. Мен мұны соңғы төрт жыл бойы өз елімнің билігіне де айтумен келемін. Бірақ қазір президент өзгергенімен, әзірге ешқандай нәтиже жоқ…
Менің бойымда қазақ әжелерімнің де қаны бар. Менің немерелерім, үлкен ұлымның балалары – жартылай қазақтар. Көптеген қырғыздарды осындай туыстық жайлаған. Қазақ даласында азалы дауыс естілсе, ол қырғыз тауларында жылауға ұласып жатады. Менің қазақ аға-інілерім мен апа-қарындастарым, біз сіздерді жақсы көреміз! Сіздер үшін толқимыз. Сіздердің қайғыларыңыз – біздің де қайғымыз! Сіздердің апаттарыңыз – біздің де апатымыз! Осы қасіретті күндері қаза тапқан боздақтар мен азап тартқандардың бәрінің отбасыларына көңіл айтамыз… Шыдаңыздар! Жаратқан иеміз сіздерді сақтасын», – деп жазды Алмазбек Атамбаев өзінің үндеуінде.