25 Тамыз, 15:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Бишімбаевтың соты елді 30 жыл тұрлаусыз тұлғалар басқарғанын аңдатты – заңгер

5 Сәуір 2024 22:38
- Жаңалықтар, Құқық
Бишімбаевтың соты елді 30 жыл тұрлаусыз тұлғалар басқарғанын аңдатты – заңгер
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 5 сәуір. Белгілі заңгер Ержан Есімханов Астанада өтіп жатқан Бишімбаевтың соты Қазақстанды 30 жыл кездейсоқ кісілер басқарғанына көз жеткіздірді деді. Бұл туралы Dalanews.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Портал заңгердің Астанада өтіп жатқан экс-министр Бишімбаевтың сотына қатысты пікір білдіргенін жазды.

«Егер арсыздық не екенін білмеген болсаңыздар, бүгін біз оған куә болдық. Бүгін қорқақтық деген не екеніне де куә болдық. Бұл елді 30 жылдан артық билеген адамдардың бейнесі. Көптеген адам «неге дәл осы процеске назар қатты ауып кетті? Елде басқа проблема жоқ па?» деп сұрап жатады. Біреулер су тасқыны туралы сөз қозғайды. Иә, оның бәрі рас. Елде проблема жетіп артады. Бірақ дәл қазір бүкіл ел Бишімбаевтың процесін көріп отыр», – дейді Ержан Есімханов.

«Мен елде 40 жыл тұрып, 20 жылдан бері жұмыс істеп жүрген адаммын және оны (Бишімбаевты) тыңдап отырып, жағамды ұстадым. Оның әйелін қалай соққыға жыққанын былай қойғанда, ұлттық экономика министрлігін басқарған адам әйелі түрлі жарақат алғаннан кейін дәрігерге емес, балгерге хабарласқаны таңғалдырды», – деді заңгер бұдан әрі.

Есімханов өз сөзінің ыңғайында су тасқыны мәселесіне де тоқтала кетті.

«Елдегі су тасқыны неден шыққаны да белгілі болды. Тасқынмен күрес – ол ғылымның, инженерлердің, геологтардың, гидрологтардың жұмысы. Қандай да бір проблема болса, сол саладағы адамға жүгіну – ойлау тәсілінің бірі. Ал біздің елді мамандарға емес, балгерлерге жүгінетін ерлер басқарған. Бишімбаев ісі мен су тасқыны – таяқтың екі ұшы, бұл елдегі процестерді кәсіби мамандар емес, кездейсоқ адамдар басқарып отырғанын көрсетіп отыр», – дейді Есімханов.

Заңгер Бишімбаев процесі елдің бүгінгі күнгі айнасы екенін алға тартады.

«Ал біз – жақынына қол көтермеген, баласына дұрыс тәрбие беріп, адал еңбекпен ақша тауып отырған адамдар елімізде шын мәнінде не болып жатқанын түсіну үшін осындай процестерді қалдырмай көруіміз керек. Әділеттілік, судьялар мен прокурорлар, министрлер мен күйеулер қандай екенін көру керек. Себебі дені сау адам айналасындағылардың да есі дұрыс деп ойлайды. Ал шын мәнінде олай емес», – деп жазды Есімханов.

Оның пайымынша, Бишімбаев процесі – терапия секілді. Адам ауруы асқынғаннан кейін ғана терапиядан өтсе, одан айығу да ауыр болады. Бірақ сол терапиядан өту керек, себебі бұл сол проблеманың жалғыз шешімі. «Проблеманың бар екенін мойындамасаң онымен күресе алмайсың», – дейді заңгер.

Ескерте кетейік, бұған дейін Ержан Есімханов «Бишімбаев ісі» елдегі сот жүйесінің қандай күйде екенін әшкерелеп бергенін айтқан болатын. Бұған әлеуметтік желідегі жұрттың  судья, прокурор мен адвокаттардың дөрекілігіне наразы екендігі себеп болған. Заңгер бұған таңғалудың қажеті жоқ екенін жазды.

«Бұл бүкіл ел онлайн көруге мүмкіндік алған ауқымды процесс, сондықтан кәсіби мамандар да, қатысы жоқ адамдар да процеске қатысты пікір білдіруге тырысып жатыр. Олардың көбі процесс қалай өрбіп жатқанына наразы. Прокурорлар селқос, айыпталушының адвокаттары дөрекі, судья процесті бақылауда ұстамай отыр дейді. Сондықтан адамдарда процесс бақылауда тұр, шешім белгілі, әділдік болмайды дегендей ой қалыптасқандай болған», – деп атап өтті Ержан Есімханов.

«Бұл қалыпты нәрсе, әркім өз ойын айтуға құқылы. Бірақ бір нюанс бар. Мұны бұған дейін сот процестеріне қатысқан адам түсінеді. Олардың өзін бұлай ұстауы жаңалық емес, олар өзін үнемі осылай ұстайды. Үнемі. Прокурорлар селқос. Бір тұжырымды қайталай береді. Заңгерлер олар не үшін бір нәрсені қайталай беретінін түсінеді, айыптаушы тараптың белгілі бір процедуралық міндеті бар, олар сол тапсырманы орындауы керек», – деді заңгер соңында.

Таңбалар: билікБишімбаевҚазақстанНазарбаев

Ұқсас мақалалар

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты
Әлеумет

Қазақстанда Құрылтай сайлауы күні 657 нәресте дүние есігін ашты

24.08.2026
Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті
Дәулет

Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

17.08.2026
Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды
Жаңалықтар

Қазақстан дәрігерлері инфаркт пен инсульттің алдын алу жолдарын ұсынды

17.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist