Елордада боғауыз атаулы бір көше пайда болды
АСТАНА. 16 қыркүйек. Елордадағы бір көше жұрттың аузында боғауыз сөзбен әдіптелген атаумен атала бастады. Бұл туралы «Экспресс К» хабарлады.
«Улица Ко*акбасова уже стала притчей во языцех», – деп жазады газет тілшісі.
Мұны аударып қажеті жоқ шығар.
Жұрт аты жоқ көшеге өздері осындай атау беріп қойған сияқты.
«ЭК тілшісі лақап атауының өзі сөйлеп тұрған көшеде болғанында, онда бұрын болғанын бірден білді. Бұл қауышу оның жүрегінде белгілі бір жеке күйінішті бұрқ еткізді. Мен мұнда бір кезде қара көзді сұлуды шығарып салып тұрып, ернінен алғаш рет өбіп едім», – деп жазады тілші.
«Бәлкім, көше мемлекеттік бюджетке қол салған адамдардың құрметіне осылай аталған да шығар. Бәлки, қ…бастар салғаннан кейін мұндағы жол да оңып тұрмаған болар», – деген ой білдіреді осыған орай комик Ғалым Қалиакбаров әлеуметтік желіде.
Газет тілшісі анықтағандай, шын мәнінде бұл көше емес, шағын тұйық екен. Тіпті аулалар арасындағы бос кеңістік болуы да мүмкін.
«Әулиелі орын бос болмайды». Әлдеқандай бір әзілқойлар аты жоқ көшені тап осылай атай қойған тәрізді, негізі. Осымен оның аты жұртқа бірден тарап кетіпті.