Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

Тәліптер Ауғанстанда жезөкше қыздарды өлім жазасына кеседі

КАБУЛ. 7 қыркүйек. «Талибан» қозғалысының өкілдері Ауғанстандағы жезөкшелерді өлімге кесу мақсатында оларды аулауға кірісіп кетті. Бұл туралы «The Sun» газеті хабарлады.

Тәліптер секс-қызмет көрсетушілерді анықтау үшін интимдік сипаттағы сайттарды ұдайы қарап, өз құрбандықтарын анықтап алып жатыр.

Лаңкестер мұндай әйелдерді аяусыз жазалауға бейіл болып отыр. Олар құрыққа іліккен әйелдерді «бастарын кесіп алу», «таспен атқылау», «дарға асу» арқылы қатаң жазалауды көздейді.

Бұдан бұрын ауған жезөкшелері туралы мәліметтер әртүрлі порно-сайттарда жарияланған екен. Тәліптер өздеріне керекті жеңіл жүрісті әйелдерді сол порталдардан тапқан.

Ауғанстанда секс-күңдердің қызметі заңсыз әрекет болып саналады. Соған қарамастан, елде жезөкшелердің саны аз болмаған. Себебі, көптеген отбасылары тек осылай ғана күн көре алатын болған. Құқық қорғаушылар одақтастар кетіп жатқанда, Кабулде жүздеген секс-қызметшілердің бар екенін айтып ескертті.

Тәліптер 25 тамыздан бастап әйелдерге үйден шығуға тыйым салды. Өйткені, бұл олардың өмірлеріне қауіп келтіретін еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button