26 Тамыз, 03:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей Ауғанстан Ислам Әмірлігі атауын ресми түрде мойындады

7 Шілде 2025 21:41
- Жаңалықтар, Құқық
Ресей Ауғанстан Ислам Әмірлігі атауын ресми түрде мойындады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 7 шілде. Ресей Ауғанстан Ислам Әмірлігі деген атауды ресми түрде мойындаған бірінші мемлекет болды. Бұл туралы ТАСС ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Ресей әлемде бірінші болып Ауғанстан Ислам Әмірлігін ресми мойындады, Мәскеудегі ауған елшілігіне «Талибан» қозғалысы енгізген жалау ілінді», – делінген хабарламада.

Ресейдің Кабулдегі елшісі Дмитрий Жирновтың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин Ауғанстан Ислам Әмірлігін мойындау жөніндегі шешімде сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың ұсынысына сәйкес қабылдаған.

«Сыртқы істер министрлігібасшысының ұсынысы бойынша РФ президенті қабылдаған принципті шешім Ресейдің Ауғанстанмен толыққанды әріптестікті қалпына келтіруге шынайы ұмтылысын көрсетеді. Біздің еліміз 100 жылдан астам уақыт бұрын да әлемде бірінші болып Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындаған болатын. Мұның бәрі біздің ауған халқына достық қатынасымызға куә бола алады», – деп мәлімделі Жирнов «Россия 1» телеарнасының эфирінде.

«Ауғанстан Ислам Әмірлігі үкіметін ресми тану актісі біздің елдеріміз арасындағы түрлі салалардағы екіжақты нәтижелі ынтымақтастықты дамытуға серпін береді деп есептейміз. Біз энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым салаларындағы жобаларға баса назар аудара отырып, сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықтың маңызды перспективаларын көріп отырмыз. Біз Кабулға аймақтық қауіпсіздікті нығайтуда және лаңкестік және есірткі қылмысы қаупімен күресуде көмектесуді жалғастырамыз. Білім, спорт, мәдениет және гуманитарлық саладағы байланыстарды тереңдету халықтарымыз арасындағы достықты нығайту үшін құнды», – делінген Ресей СІМ хабарламасында.

Ауғанстан сыртқы істер министрлігі ресейлік елші Жирнов «Талибан» үкімет сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттакимен кездесуінде Ресей үкіметінің Ауғанстан әмірлігін тану туралы шешімін ресми түрде жеткізгенін атап өтті. Жирнов бұл шешімді Ауғанстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға көмектесетін тарихи қадам деп атады.

Муттақи өз кезегінде Ресейдің мойындауын құптап, оны екі ел арасындағы оң қарым-қатынастардың, өзара құрмет пен сындарлы әрекеттестіктің жаңа кезеңінің бастауы деп сипаттады. Ол бұл қадам екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды оқиға болатынын және басқа мемлекеттерге үлгі бола алатынын атап өтті.

Мәскеудегі елшілік қызметкерлері шілденің 3-і күні үш түсті бояудың орнына іліп қойған Ауғанстанның жаңа туы – бір Аллаға иманның айғағы, бір Аллаға иман куәлігі жазылған ақ мата.

Ауғанстанның Ресейдегі жаңа елшісі Гүл Хасан 1 шілдеде Мәскеуге келді. Екі күннен кейін сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Руденко одан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Тәліптер 2021 жылдың тамызында Ауғанстандағы билікті басып алды және содан бері өздерін әлемге мойындатуға күш салуда. Сол жылдың қазан айында президент Владимир Путин Ресей тәліптерді лаңкестік ұйымдар тізімінен шығару мүмкіндігін қарастырып жатқанын, бірақ мұны бірінші кезекте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жасауы керек деп мәлімдеді. Сонымен бірге, Ресей сыртқы істер министрлігі екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабулов Ресей билігінің мойындауы «де-факто қазірдің өзінде орын алып жатқанын» айтты.

Тыйым салынған қозғалыс өкілдері тұрақты түрде Ресейге іссапармен де, жеке сапармен де келіп тұрады. Сәуірдің 17-сі күні Ресей жоғарғы соты бас прокуратураның «Талибан» қозғалысына тыйым салуды тоқтату туралы талабын қанағаттандырып, оны террористік ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім шығарды. 4 шілдедегі жағдай бойынша Талибан Ресей террористік деп таныған ұйымдар тізімінде қалды, қозғалыстың қызметіне тыйым салу тоқтатылды және Ресей Федерациясы жоғарғы сотының шешімі 2025 жылдың 20 мамырында күшіне енді.

Таңбалар: АуғанстанмойындауРесей

Ұқсас мақалалар

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті
Әлеумет

Ресейліктердің болашаққа деген сенімі 90-шы жылдар деңгейіне түсіп кетті

21.08.2026
Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты
Дәулет

Сыртқы экономика банкінің бас экономисі Ресейдің жеңіске жете алмасын айтты

16.08.2026
Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды
Жаңалықтар

Сакартвело премьері Ресеймен елшілікті қалпына келтіруді жоққа шығарды

11.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist