Ауғанстанда тәжіктер мен өзбектер тәліптерге қарсы шықты (видео)
КАБУЛ. 22 тамыз. Ауғанстанның Панджер провинциясында тұратын этникалық тәжіктер мен өзбектер «Талибан» қозғалысына қарсы шығып жатыр. Бұл туралы РБК хабарлады.
«Ауғанның Панджер провинциясында тәліптерге қарсы коалиция құрылуда. Ол осында тұратын этникалық тәжіктер мен өзбектерден құралады. Қарсылық күштерін бұрынғы вице-президент, маршал Абдул-Рашид Дустумның ұлы Ян Мохаммад Дустум басқарады», – делінген хабарламада.
Дустумның ұлты өзбек екені белгілі. Ауғанның Панджер провинциясы – тәліптердің бақылауына өтпеген жалғыз аймық. Онда алдында бұрынғы антитәліп коалициясы лидерлерінің бірі Ахмад-Шах Масудтың ұлы Ахмад Масуд пен Ауғанстан вице-президенті Амрулла Салех барып жасырынған еді. Ал 17 тамызда Ашраф Гани елден қашып кеткеннен кейі Салех өзін мемлекет басшысы деп жариялады. Ол ешқашан содырларға берілумеуге уәде берді.
Тәжіктер Ауғанстанда сан жағынан пуштундардан кейінгі екінші халық болса, өзбектер төртінші сатыда тұр.