Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар
Әзербайжан балалары қай тілде білім алғанды қалайды? (видео)
БАКУ. 24 мамыр. Әзербайжан балалары мен олардың ата-аналарының бірқатары орта білім орыс тілінде берілгенін қалайтын болып шықты. Бұл туралы oxy.az хабарлады.
«Кейбір ата-аналар өз балаларының орта білімді ана тілінде емес, орыс тілінде алғанын дұрыс көреді», – делінген хабарламада.
Ендеше, Әзербайжанда қазіргі таңда орыс секторында білім алғанды жөн санайтын қанша оқушы бар екен? Оны білген де қызық.
Арнайы жүргізілген мониторингке сәйкес, Бакудің орта мектептерінде орыс тілінде білім алып жүрген әзербайжан балаларының көрсеткіші 17 пайызды құрайды. Олардың ата-аналары мұны білім алудың бірден-бір оңтайлы жолы санайды.
Baku TV телеарнасындағы мына сюжет соны көрсетеді: