Қарашайлар қайта жаңғыру күнін атап өтті
ЧЕРКЕССК. 4 мамыр. Ресейдің Қарашай-Черкес автономиялы республикасында тұратын қарашайлар кеше өздерінің ұлт ретінде жаңғыру күнін тойлады. Бұл туралы «Кавказский вестник» хабарлады.
Түркінің бір бұтағы – қарашайлар Отан соғысы кезінде, 1943 жылғы 2 қарашада депортация жасалып, Қазақстан аумағына келген. Осы сұрапыл жылдары депортацияға ұшыраған 70 мың қарашайдың 43 мыңнан астамы қайтыс болып кетті. Ал 1957 жылы 9 қаңтар күні олардың депортациядан елге қайтуларына рұқсат етілген.
Қарашайлар жыл сайын 3 мамырды «қайта жаңғыру күні» ретінде тойлап өткізеді. Себебі, дәл осы күні олар мінген бірінші эшалон осы күні елге келіпті.
Бұл жолғы шара барысында да әдеттегідей құрбан болған қандастарына дұға оқыған қарашайлар соңын нағыз мереке етіп өткізді.
«Біздің халықтың ерік-жігері, туған жерге деген сүйіспеншілік пе әділдіктің орнайтынына сенім аға ұрпаққа нағыз қатал сынақтарға төтеп беруге серпін берді. Туған жерге оралғаннан кейін қарашайлар республиканың басқа халықтарымен бірге елді көтеруге үлкен үлес қосты», – деді Қарашай-Черкес республикасының басшысы Рашид Темрезов жиынды ашқан сөзінде.
Мерекеде конценттер, турнирлер, ат жарыстары, көліктер сайысы орын алды.
Кавказ тауларында тұратын қарашай мен малқар – тілдері бір егіз халық. Олардың тілдерінде кейбір сөздердің дыбыстық жағынан сәл өзгертіліп айтылатыны болмаса, пәлендей өзгеріс жоқ. Қарашайлар еңісті мекен етсе, малқарлар биік шыңды Эльбрус аймағын жайлайды.