МӘСКЕУ. 6 мамыр. Ресей диктаторы Владимир Путиннің ең соңына дейін адалдық танытқан шет мемлекеттер билігіндегі кәдуескі достары соңғы сәтте Мәскеудегі шеруге келе алмайтындарын мәлімдеді. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Сонымен, 2026 жылы 9 мамырда Мәскеудің Қызыл алаңында өтетін шеруіне ең сенімді деген бірқатар шетелдік лидерлердің келмейтіндері белгілі болды. Бұған Украина президентінің сол күні Ресей байтағына ұшқышсыз ұшақтармен шабуыл жасамауға немесе алыс қашықтықты зымырандармен атқыламауға уәде бермегені тікелей себепші болған сияқты.
Мәскеудің осы кезге дейін Украинаға қатысты соққыларды тым күшейтіп жібергенін баяндаған Володимир Зеленський сол күні қайта бар өшті алуға ынталы болулары ықтимал екендерін ашып айтты.
Осыдан кейін «кәдуескі» достардың зәрелері зәр түбіне кете бастады, ешкімнің Путин үшін өле салғысы жоқ. Мәселен, мысалы, Словакия үкіметінің басшысы Роберт Фицо Мәскеуге баратынын айтқанымен, әскери шеруге қатыспайтынын баяндады. Ал былтыр шеруге жеке қатысқан Сербия президенті Александар Вучич бұл жолы Ресей астанасына бару ниеті барын растамады. Сәуір айының соңында ол сапардың жайын қарастырып жатқанын мәлімдеген, алайда 6 мамырда тек дипломатиялық арналар арқылы берілген құттықтаумен шектелді.
Бұрын Мәскеу шерулеріне қатысудан аулақ болған Венгрия 2026 жылы да ондай ықылас танытпады, ал Кремльге барыгша адал болған премьер-министр Виктор Орбанның бұл қызметтен кетуіне бірнеше күн қалды.
Қытай көшбасшысы Щи Жиңпиң солтүстік көршісіне баратын-бармайтынын әлі айтпай отыр. 2025 жылы ол шерудің басты шетелдік қонағы болған. Бірақ соған дейінгі бірнеше күн бұрын бойы да сапар туралы ресми мәлімдеме жарияланған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Кремльде көптеген жылдар бойы алғаш рет 9 мамырдағы шеру кезінде ауыр әскери техника колонналары өтуінен бас тартылды. ЕО бұл Ресейдің «Украина беретін соққыдан қорқуының салдары» деп санайды.
USD




