26 Тамыз, 12:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Жамбыл облысында 1,1 млрд теңге бюджет қаржысы үнемделді

11 Желтоқсан 2021 21:21
- Дәулет, Жаңалықтар
Жамбыл облысында 1,1 млрд теңге бюджет қаржысы үнемделді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 11 желтоқсан. Жамбыл облысында биыл 1,1 млрд теңгеден аса бюджет қаржысының үнемделгелі тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Областа бұрнағы күні халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай өткізілген «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» форумында осы тақырыпта әңгіме қозғалды.

«Бүгінгі күні елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда кешенді шаралар жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Заңнамаларды жетілдіру, алдын алуды, ағартуды және қылмыстық-құқықтық сипаттағы жұмыстарды ұтымды үйлестіру ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы шешуші өзгеріске қол жеткізуге мүмкіндік береді», – делінген баспасөз парақшасында.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру мәселесінде бірнеше қоғамдық институттармен өзара ынтымақтастық орнатылып, бірігіп жұмыс жасалуда.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау мақсатында тым жоғары баға қою фактілерінің орын алуына тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде. Мониторинг нәтижесінде енгізілген ұсыныстар бойынша мемлекеттік органдармен мемлекеттік сатып алу жоспары қайта қаралып, бүгінгі күнге 1,1 млрд. теңгеден аса бюджет қаражаты үнемделді», – Ә.Әшірбаев.

2020 жыл соңында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына енгізілген тағы бір өзгеріс – ол квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Бұл норма квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін міндетті түрде, ал бизнестің жеке таңдауы бойынша қолданылады.

Осылайша, департаменттің ұсынысы негізінде облыс аумағындағы 351 квазимемлекеттік сектор субъектілерінде комплаенс қызметтің ережелері бекітіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жауапты тұлғалары белгіленген.

«Елбасымыз: Халық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен ымырасыз күреске мүдделі болғаны жөн. Қазақстандықтар арасында бұл мәселеге немқұрайлы қарайтындар болмауы тиіс. Ең бастысы, жұртшылық жемқорлық көріністеріне төзбей, ол жөнінде хабарлап, сол бойынша ілкімді шаралар қабылдануы керек – деген болатын. Сондықтан, осы індетпен күресу – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білуі қажет», – деді Ә.Әшірбаев.

Форумда облыс әкімі орынбасары Р.Дәулет, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ә.Әшірбаев, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Қ.Төлендиев, «Жамбыл – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Н.Жувандикова, Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры Е.Саурықов, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің проректоры Д.Нұрмұханбет қатысып сөз сөйледі.

Форум барысында қатысушыларға академиялық адалдық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттар беріліп, форум қатысушыларын жемқорлыққа қарсы бірігіп тұруға және әлеуметтік зұлымдық – жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына өзіндік үлес қосуға шақырды.

Форум соңында қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға елеулі үлесін қосқан қоғам белсенділері, оқу орындары мен мекеме қызметкерлері марапатталды

Таңбалар: бюджетжамбыл облысықаржыүнем

Ұқсас мақалалар

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Экс-депутат Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін мәлімдеме жасады

17.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026
Денсаулық сақтау министрі Таразда аналар өліміне қатысты тапсырма берді
Әлеумет

Денсаулық сақтау министрі Таразда аналар өліміне қатысты тапсырма берді

06.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist