17 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зеленський: Ресей Украинаның инфрақұрылымына шабуыл жасауда

19 Наурыз 2025 09:28
- Жаңалықтар, Қайнар
Зеленський: Ресей Украинаның инфрақұрылымына шабуыл жасауда
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 19 наурыз. Украина президенті Володимир Зеленський Ресей армиясы Украинаның инфрақұрылымын атқылауды тоқтатпағанын айтты. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Кремль Украинаның энергетикалық инфрақұрылымына 30 күн бойы шабуыл жасамау туралы жариялаған келісіміне қарамастан, аспанға 40 ұшқышсыз ұшағын шығарып, шабуылды жалғастырып жатыр. Олардың біреуінің соққылары Сумыдағы ауруханаға тиген.

«Қазір көптеген өңірлерден сіздер Ресейдің шын мәнінде не істеп жатқанын ести аласыздар», – деді Зеленський.

Ол сондай-ақ «азаматтық инфрақұрылымға беріліп жатқан» соққылар жайлы әңгімеледі. «Сумыдағы ауруханаға «Шахед» тікелей зарп жасады, Донецк облысындағы қалалар шабуылғға ұшырады,  ұшқышсыз ұшақтар дәл қазір Киев, Житомир, Сумы, Чернигов, Полтава, Харьков, Кировоград, Днепропетровск және Черкасск облыстарының аспанында жүр», – деп жазды ол түнде.

Украина президенті Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуге, Украинаға қосымша көмек көрсетуге, «одақтастарды нығайтуға» және төрт жылдан бері өзін Ресейдің әскери агрессиясынан қорғап келе жатқан өз елінің қауіпсіздік кепілдігін жасау жөнінде істеуге шақырды. «Бүгін Путин толық атысты тоқтату туралы ұсынысты іс жүзінде қабылдамады. Әлемнің Путиннің соғысты ұзарту жөніндегі кез келген әрекетінен бас тартуы дұрыс болар еді», – дегенді қосты Зеленський.

Трамп Путинмен әңгімелесу «жақсы және нәтижелі» болды дейді

Дональд Трамп Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуін «өте жақсы және нәтижелі» деп атады. «Біз атысты толық тоқтатуды тезірек жүзеге асыру, мұның ақырында Ресей мен Украина арасындағы сұмдық соғысты тоққтату жолында жұмыс істейтінімізді түсініп, барлық энергетика және инфрақұрылым нысандарында атысты жедел тоқтату жөнінде келісімге келдік», – деп жазды Трамп 18 наурыз күні кешке Truth Social әлеуметтік желісінде. Бұған ол өзі сол кезде президент болып тұрған болса, бұл соғыстың «ешқашан басталып кетпеген болар еді» деп келетін сандырағын тағы қосып қойды. Бұдан әрі «бүкіл адамзат үшін істі ақырына дейін» апаруға үмітті екенін баяндады

Путин өз кезегінде Трамптың Ресей мен Украинаның энергетикалық инфрақұрылым нысандарына 30 күн бойы соққы беруден өзара бас тарту идеясын қолдап, Ресей әскерлеріне тиісті бұйрық беріпті-міс. Мұнысы дәл сол күні Кремльде Ресей Федерациясы мен АҚШ жоғары лауазымды тұлғаларының телефон арқылы сөйлесуінен кейін мәлім болды.

Сонымен бірге, Кремльдің қожайыны, ТАСС агенттігінің хабарлауынша, «бірқатар маңызды тұстарды» атап өтіпті. Бұлар бүкіл шекараның түйісер бойында шын мәнінде атыстың тоқтағанына тиімді бақылау жасап тұруды қамтамасыз ету, Украинаның мәжбүрлі мобилизация жасауын және осы күндері Украина армиясын қаруландыруды тоқтату жайттары болса керек. Осылайша, Кремль өзінің Киевпен 30 күндік бітімге келуге дайын екенін мәлімдей қойған жоқ.

Зеленський: Біз Ресейдің шабуылдарына жауап береміз

«Украина энергетикалық инфрақұрылымға шабуылдды тоқтату туралы ұсынысты қолдайды», деді Володимир Зеленський Киевте Трамптың Путинмен сөйлесуінен кейін өткен баспасөз мәслихатында. «Ресей мен Украина АҚШ-тың араағайындығымен энергетикалық инфрақұрылымға шабуыл жасамауға келісе алады. Біздің тарапымыз мұны қолдайды. Бірақ Ресей біздің энергетикалық секторымызға шабуыл жасап жатса,  үнсіз қалуымыз мүмкін емес. Біз жауап қайтарамыз» деді ол бітімгершілікті «сөзсіз атысты тоқтатудан» бастау керек екенін еске салып.

Германия канцлері Олаф Шольц та Мәскеу мен Уашингтон арасындағы телефон арқылы сөйлесу нәтижелеріне қатысты пікір білдірді. Ол энергетикалық нысандарға шабуылды тоқтату туралы үндеу «жақсы бастама» екенін айтты. Сонымен бірге, Шольц Украинаның қатысуынсыз бейбітшілікке қол жеткізу туралы келісімге келу мүмкін еместігін тағы қайталап атап өтті.

Таңбалар: атысЗеленськийРесей

Ұқсас мақалалар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты
Жаңалықтар

Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

12.10.2026
Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist