18 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Зеленьский премьерге Ресейді «Московия» деп атауды ойластыруды ұсынды

12 Наурыз 2023 16:58
- Жаңалықтар, Таным
Зеленьский премьерге Ресейді «Московия» деп атауды ойластыруды ұсынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 12 наурыз. Украина президенті Володимир Зеленьский премьер-министр Денис Шмыгальге Ресейді «Московия» атымен қайта атау бойынша жұмыс істеуді ұсынды. Бұл туралы шетел бұқаралық ақпарат құралдарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Зеленьский премьерге Ресейді «Московия» деп атау мәселесі бойынша жұмыс істеуді жүктеді», – деп жазды латыштың Delfi.lv сайты.

«Украина президенті Володимир Зеленьский Ресейді украин тілінде «Московия» деп өзгертіп атау жөніндегі электронды петицияны қарап шығып, премьер-министр Денис Шмыгальге осы мәселе бойынша тиянақты «жұмыс істеуді» тапсырды», – деп баяндады «Новая газета».

Айтылып отырған петиция 2022 жылғы 23 қарашада жарияланған болатын. Ол осы кезге дейін президенттің қарауына мүмкіндік әперетін шекке жетіп, 25 мың адамның қолын жинап үлгерді. Петицияда сондай-ақ «ресейлік» деген терминді «московиялық» («мәскеулік)», ал «Ресей Федерациясы» дегенді «Московия» («Мәскеу) Федерациясы» деп алмастыру да ұсынылған.

«Қазіргі заманда «Ресей» болып аталып жүрген елдің XVI-XIX ғасырлардағы тарихи карталардағы атауы «Московия» болып табылады», – деп есептейді петиция авторы.

«Бұл атау Еуропа және бірқатар Азия тілдерінде қолданылды. Мәскеу патшалығы Бүкілресейлік империя атанғанға дейін және кейін Еуропада дайындалған XVI-XIX ғасырлардағы көптеген тарихи карталарда осы атауымен көрініп жүрді», – атап көрсетілген петицияда.

Құжатта сонымен бірге «Ресей деген атаудың қолданысқа енгеніне 301 жыл ғана болғаны» айтылады. Тарихтан белгілі, Мәскеу патшасы Бірінші Петр 1721 жылғы 22 қазанда Мәскеу патшалығын «Россия» («Ресей») империясы» дап жариялаған болатын. Ежелгі Московия осылай аяқ астынан ешбір себеп-салдарсыз, тек-түпсіз «Россия» болып шыға келді.

Украина президенті өз кезегінде «петицияда қозғалып отырған мәселенің тарихи-мәдени мәнмәтін тұрғысынан да, болуы ықтимал халықаралық-құқықтық салдары жағынан да  мұқият жұмыс істеуді талап ететінін» атап өтті. Зеленьский осыған байланысты премьер-министр Денис Шмыгальге шығып, осы мәселені белгілі ғалымдармен бірге талқылауға ой қосты.

Жалпы, Украинада Ресей Федерациясын «Московия» деп атау жөніндегі ой-пікірлер бүгін ғана пайда бола салған жоқ. Алғаш рет 2019 жылы Украина президенті Володимир Зеленьскийдің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Никита Потураев осындай ұсыныспен шыққан еді. Кейінірек журналист Айдер Муждабаев Ресейді Московия деп атаудың тарихи негізі бар екенін атап өтті. Ал 2022 жылғы 30 қарашада Украинаның БҰҰ-дағы елшісі Сергей Кислица Украинаның Ресейді ресми түрде «Московия» деп атай алатынын мәлімдеді.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Таңбалар: атауМосковияРесейұсыныс

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist