9 Шілде, 10:07
RAST.kz
USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Владимир Сергеевич! Туған жеріңізге көмек бермейсіз бе?

5 Мамыр 2020 17:48
- Аймақ, Жаңалықтар
Владимир Сергеевич! Туған жеріңізге көмек бермейсіз бе?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Қазақстандық белгілі кәсіпкер, «Kaz Mineral» тобының ірі акционері әрі президенті, «Қазақмыс Холдинг» компаниясының президенті В.С. Ким мырзаға!

Құрметті Владимир Сергеевич! Сіздің Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының орталығы – Мырзакент (1995 жылға дейін – Славянка) кентінде туып-өскеніңіз бізге жақсы мәлім. Сіз осы елді мекенде 1960 жылғы 29 қазанда өмірге келген едіңіз. Осы жерде бүкіл бал дәурен балалық шағыңыз өтті. Ал 1977 жылы Славянкада орта мектепті үздік бітіргеннен кейін Алматы архитектура-құрылыс институтына барып түсіп, оны 1982 жылы тағы үздік аяқтап шыққаныңыз да бізге аян.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін сіздің жолыңыз керемет жүріп кетті. Соның арқасында қазір Қазақстанда ресми түрдегі нөмірі бірінші ауқатты адам атанып отырсыз. Сол себепті де «Форбстің» әлемдегі ең бай адамдар тізімінде қазақстандықтар арасынан бірінші болып тұрсыз.

Мұның бәрі жақсы. Игілігін көре беріңіз.

Ал сізді балақ жүні түспеген балапан шағыңыздан ыстық күнінің аясында тербетіп өсірген, осындай дәрежеге жетуге негіз қалап берген жер бетіндегі жұмақ мекеніңіз – туған жеріңіз қазір үлкен қиындықты бастан кешіп жатыр. Бірнеше күннен бері осындайда нағыз перзенттік жанашырлық пен жомарттықты көрсететін шығар деп, өзіңіз жаққа қарайлап, алаңдап отырғанымыз рас. Алайда, сіз жақтан шыға қойған бір ауыз ләм мен кәлиманы әл-әзір ести алған жоқпыз. Мұныңыз қалай? Сонда кіндік қаныңыз тамған, өзіңізді ана құрсағынан қабылдап алған өскелең өңірге жүрегіңіз титтей де елжіремейтін болғаны ма?

Ал жағдай шынымен ауыр. Бірнеше ауылды су басып қалды. Облыс әкімі әлі де басып қалуы ықтимал ауылдардың көп екенін айтып отыр. Жүздеген гектар мақталық алқаптар топан судың астында жатыр, қаншама төрт түлік мал су жолында қарап болды. Мұның бәрін әлеуметтік желіде қайта-қайта жарияланып жатқан видеосюжеттерден де көре алар едіңіз ғой.

Дәл өзіңіздей «Форбстің» кейіпкері, қазір Ресейдің азаматтығын алып, Лондонда тұрып жатқан өзбек миллиардері Әлішер Усманов өз елінде коронавирус пандемиясы бел алып жатқан пәйтте бір емес, екі рет қамқор қолын созды. Біріншісінде Өзбекстанның шұғыл түрде жұқпалы аурулар ауруханасын салып жатқанын білгеннен кейін дереу 5 млн доллар көлемінде жәрдем берді. Екіншісінде, сәуірдің басында коронавирус зардаптарына ұшырағандарға қамқорлық жасауды қолға алған республикалық «Мейір-шапағат және денсаулық» («Мехр-шафкат ва саломатлик») қорына 20 млн долларды тағы аударып жіберді.

Бұл жерде Әлішер ака Бұрханұлы қазір өзінің өзге елдің азаматы екенін, көптен бері өзбек жерінде тұрмайтынын перде қылған жоқ, «өзім туып-өскен Наманган облысының Чуст ауданына ғана көмектесем» деп те бәлсінген жоқ, күллі Өзбекстан үшін қомақты пұлын ешбір ойланбастан ұстата салды. Ал біз сізге өзін үлкен өмірге түлетіп ұшырған ауданына ғана қашан қайыр жасап, қол ұшын берер екен деп, әлі аңтарыла қарап отырмыз.

Оған сізде мүмкіндік деген зор.

Ендеше, біздің де сізден үмітіміз зор.

Сәлеммен,

Серік ПІРНАЗАР,

журналист

Таңбалар: Владимир Ким

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

    Қызылордада Ұлттық домбыра күні «Домбыра – халық мұрасы» атты іс-шара өтті

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • НОҒАЙ АРУЫ

  • Украина Ярославльдегі МӨЗ-ге және Петербург порттарына шабуыл жасады

  • Соғыстағы стратегиялық сауаттылық сапаға соқпақ салады

  • Қадыровтың кісі өлімін әкелген апатқа кінәлі ұлы жол полициясынан медаль алды

  • Еркін форматтағы жүздесуде жастар саясатының басыңқы бағыттары талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 467.98 ₸
EUR EUR 533.87 ₸
RUB RUB 6.11 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist