18 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұстаздық жолдың ұлағатын ұғынған жан

26 Қаңтар 2026 17:31
- Жаңалықтар, Таным
Ұстаздық жолдың ұлағатын ұғынған жан
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Ұстаздық жол – табанына тас тисе де, таусылмайтын төзімді, жанына жара түссе де, жадынан жақсылықты шығармайтын мейірімді талап ететін киелі соқпақ. Осы бір сара жолдың нағыз бейнеткеші мен зейнеткешіне айналған жан – Арал ауданының Қамыстыбас бекетінегі №21 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Құралай Жақыпова.

Ширек ғасырлық уақыт – адам ғұмырының өлшемімен қарасақ, үлкен бір кезең. Құралай апайдың 25 жылдық еңбек өтілі тек бір ғана қара шаңырақтың аясында, бір ғана ұжымның ортасында өтуі оның мамандығына деген адалдығы мен туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігінің айқын айғағы. Ол – тек пән мұғалімі емес, мектептің тыныс-тіршілігімен біте қайнасқан, оның әрбір жетістігіне қуанып, әрбір ісіне жанұшырып жүретін мектептің нағыз жанашыр «жаны». Ауылға келген қонақты ақжарқын көңілмен қарсы алып, мектептің абыройын асқақтату жолында аянбай еңбек ететін Құралай апайдың болмысы айналасына шуақ шашып тұрады.

«Педагог-зерттеуші» деген биік мәртебе оған оңайлықпен келген жоқ. Оның артында ұйқысыз өткен түндер, шәкірттерін республикалық додаларға дайындаған қажырлы еңбек жатыр. Құралай апайдың тәрбиелеген шәкірттері – бүгінде Арал ауданының ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы. «Qazaq Epos» жобасынан бастап, Абай, Мағжан, Ілияс оқуларында Бас жүлде мен алтын тұғырдан көрінген Мейірім Жеткербай, Назым Жұбатырова, Ақерке Айсары сынды ондаған өрендер ұстаздың еңбегін елге паш етті. Оның 165 балдық жоғары көрсеткіші – тек қағаз бетіндегі сан емес, бұл әрбір шәкірттің жүрегіне себілген білім нәрі мен рухани тәрбиенің жиынтығы.

Ұлағатты ұстаздың сабағы – қазақ тілінің құдіреті мен әдебиеттің әсемдігі ұштасқан сиқырлы әлем. Ол жаңашыл технологияларды меңгеріп, авторлық еңбектерін республикалық басылымдарда жариялай отырып, ұстаздық еңбектің заманауи үлгісін көрсетіп келеді. Оқу-ағарту министрлігі мен «Өрлеу» институтының марапаттары оның кәсіби деңгейінің белгісі болса, әріптестері мен ата-аналардың ілтипаты – адамдық парасатының өлшемі. Қамыстыбас көшесінің бойындағы мектепке қарай асыққан ұстаздың әрбір қадамынан өзіне деген сенім мен шәкіртке деген шексіз махаббат сезіледі. Осындай асыл ұстаз барда қазақтың тілі де, әдебиеті де, болашақ ұрпағы да мәңгілік бола бермек. Құралай апай – өз ісінің шебері, мектебінің мақтанышы және ұлттық тәрбиенің алтын діңгегі болып қала бермек.

Жансая НҰРҚОЖА,

Қызылорда облысы,

Арал ауданы

Суретте: мұғалім Құралай Жақыпова Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаевтың қолынан марапат алып тұр

Таңбалар: Арал ауданыҚұралай Жақыповамұғалім

Ұқсас мақалалар

Арал ауданында демалыста жүрген полиция қызметкері өлтірілді
Жаңалықтар

Арал ауданында демалыста жүрген полиция қызметкері өлтірілді

01.09.2026
Арал ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті
Жаңалықтар

Арал ауданында қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

07.08.2026
Аралда әлеуметтік-инфрақұрылым нысандары жұмыс істеп тұр
Әлеумет

Аралда әлеуметтік-инфрақұрылым нысандары жұмыс істеп тұр

09.04.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist