17 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үш күндік семинарда жергілікті жолдар сапасын арттыру шаралары қаралды

3 Қазан 2026 20:08
- Дәулет, Жаңалықтар
Үш күндік семинарда жергілікті жолдар сапасын арттыру шаралары қаралды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 3 қазан. Көлік министрлігінде жергілікті жолдардың сапасын арттыру мәселесіне арналып өткен үш күндік семинар бүгін өзінің мәресіне жетті. Бұл туралы министрлік баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Семинар-кеңес «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» деп аталды. Оның қорытынды отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев сөз сөйледі.

Іс-шараға сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар, өңір басшыларының орынбасарлары, компаниялар мен ұйымдардың басшылары қатысты.

Бірінші вице-премьер жолдарға қатысты атқарылатын жұмыстардың сапасын бақылауды күшейту, жолдардың бұзылуына жол бермеу қажеттігіне ерекше тоқталды. Ол сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың нысандар белгіленген талаптарға толық сәйкес болған жағдайда ғана қабылдануын қамтамасыз етулері керек екенін атап өтті.

«Кепілдік мерзімі ішінде ақаулар анықталған жағдайда, оларды мердігерлер өз қаражаты есебінен жоюға тиіс» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

«Жол сапасы мәселесі Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарының нақты нәтижесіне баса мән беру қажеттігін атап өткен болатын. Бұл ретте жол сапасына қойылатын талаптарды күшейту және саладағы жауапкершілікті арттыру өзекті міндеттердің бірі болып қала береді», – деді Нұрлыбек Машбекұлы сосын.

«Биыл елімізде 11 мың шақырымнан астам жол салынып, жөндеуден өтуде. Республикалық жолдар желісін салу және реконструкциялаудың ірі жобалары қарқын алды», – деп жазды ол Facebook әлеуметтік желісінде.

Семинар барысында жол жұмыстарының жекелеген кезеңдеріне ғана емес, сонымен бірге жергілікті жол желісін басқарудың тұтас жүйесіне баса назар аударылды.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктеріне бір апта ішінде жергілікті жолдардың сапасын арттыру жөніндегі үш жылдық жоспар әзірлеуді тапсырды.

Жоспарлар жол жұмыстарының барлық кезеңін қамтуы тиіс. Атап айтқанда, басым учаскелерді айқындау, жобалау құжаттамасын әзірлеу, құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізу, олардың сапасын бақылау, жолдарды кейіннен күтіп-ұстау мәселелері ескерілуі қажет.

Семинар қорытындысы бойынша республикалық, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары желісінің сапасын арттыруға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

Таңбалар: .ш күндік семинаржергілікті жолдарКөлік министрлігіНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist