10 Қазан, 03:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ұлықбек Есдәулет «Парасат жолы» орталығы жұмысын қолдады

12 Ақпан 2021 19:40
- Жаңалықтар, Таным
Ұлықбек Есдәулет «Парасат жолы» орталығы жұмысын қолдады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 12 ақпан. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, Қазақстан жазушылар одағының басқарма төрағасы, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулетпен кездесу өткізді. Бұл туралы Астана қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

«Парасат жолы» жобасы аясында ұйымдастырылған шара Ұлттық академиялық кітапханада керуен керді. Саланың облыстағы филиалдары төрағалары Жазушылар одағы басқармасы төрағасымен кездесуге онлайн жүйесі арқылы қатысты.

Жиында республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, қоғам қайраткері, жазушы Сәдібек Түгел,  Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева, Атырау облысы әмбебап кітапханасының басшысы Сара Салахатдинқызы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жазушылар Одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы болды.  

Белгілі ақын, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет: «Шынын айтқанда, «Адалдық алаңы» жобасы болсын немесе, мынау жаңадан құрылған «Парасат жолы» орталығы болсын, екеуінің бір арнадан түйісуі –  қоғамның жемқорлық деген дерттен айығуына, тазаруына апаратын үлкен жол. Бір қуанарлығы, қазір осындай орталықтар жоғарғы оқу орындарында, колледждерде ашылып, жастарымызды ізгілікке тәрбиелеуде. Тіпті мектептер де парасаттылық туралы тәрбие жұмыстарын жүргізуде. Бұл халқымыздың «Баланы – жастан» деген ұғымына саяды. Бұл – өте құптарлық дүние. Себебі, бала жастайынан жемқорлықты көріп өссе, ертең сондай болмасына кім кепіл? Қоғамды түбегейлі жемқорлықтан тазарту өте қиын нәрсе. Бірақ соған міне бетбұрыс басталды. Жемқорлықпен күресу қозғалысы да қоғамды меңдеткен ауыр дертпен күресу болып есептеледі. Сондықтан бүкіл халық болып қолдау керек. Осы жаңадан ашылған орталықтар арқылы «еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін» рухани тазару жұмыстарын жүргізу керек деп есептеймін. Мемлекеттің өзі жемқорлықпен күреске шындап кіріскенде, біздің зиялы қауым өкілдері бұдан шеттеп қалмауы керек деп ойлаймын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің жұмыстарын біздің жазушылар қолдайды. Қаламгерлеріміз мемлекет қаржысын жымқырғандарды қоғамға әшкерлеу бағытында қаламын қару етіп, осыған байланысты шығармалар жазады деп үміттенеміз», – деді.

Келелі басқосуда адалдық, парасаттылық, ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөнінде кең көлемде әңгіме қозғалды. Сондай-ақ, биылғы жылы «Парасат жолы» орталығының негізгі бағыт-бағдары айқындалып, нақты қадамдары баяндалды.

«Парасат жолы» орталығының мақсаты  ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамда парасаттылық идеологиясын ілгерілету болып табылады.

Таңбалар: Парасат жолыҰлыбек Есдәулет. кездесу

Ұқсас мақалалар

Мақала жоқ
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist