25 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Украина НАТО-ға кіруге өтініш береді – Зеленский

30 Қыркүйек 2022 22:31
- Жаңалықтар, Қоғам
Украина НАТО-ға кіруге өтініш береді – Зеленский
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

КИЕВ. 30 қыркүйек. Украина президенті Володимир Зеленский Украинаның жеделдетілген тәртіппен Солтүстік альянсқа кіруі жөнінде өтініш беретінін жариялады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

«Біз НАТО-ға баратын өз жолымыздан өтіп болдық. Біз Солтүстік альянс стандарттарына сәйкес келетінімізді дәлелдедік. Олар Украина үшін шынайы нәрсе – ұрыс алаңдарында да, біздің өзара қарым-қатынастарымызда да шынайы. Біз бір-бірімізге сенеміз, біз бір-бірімізді қорғаймыз. Солтүстік атлантикалық одақ дегеніміз осы. Бүгін Украина мұны заңды нәрсеге айналдыру үшін өтішін береді. Поцедура біздің бүкіл қоғамымызды қорғаудағы мәнімізге толық сәйкес келеді. Ол жеделдетілген тәртіппен жүзеге асырылады. Біз Украинаның НАТО-ға жеделдетілген тәртіппен кіруі жөніндегі өтінішке қол қоя отырып, өзімізді айқындайтын шешуші қадам жасайтын боламыз», – деді Зеленский.

Украина президенті жеделдетілген тәртіптің мүмкін нәрсе екенін, себебі, биыл Финляндия мен Швецияның осылайша алдын ала мүшелікке өтуді жоспарламай тұрып-ақ кіріп кеткенін атап өтті.

Президенттің сөзінше, Украина үшін бұл келісімшарт деңгейінде нығайтылады, оған өмірдің өзінде қол жетіп қойды.

Зеленский сондай-ақ әзірге НАТО-ның барлық мүшелерінің Украинаны қабылдау жөнінде ымыраға келіп отырғанын, Киевке енді қауіпсіздік кепілі турасындағы қауіпсіздікке қатысты украин келісімшартын жүзеге асыру ұсынылғанын мәлімдеді.

Украинаның НАТО-ға мүшелікке өту жөніндегі өтінішіне президент Володимир Зеленский, Жоғарғы раданың басшысы Руслан Стефанчук және премьер-министр Денис Шмигаль қол қойды.

Бұл қадам Ресей президенті Владимир Путиннің бүгін Украинаның өзі уақытша басып алып тұрған шығысы мен оңтүстігіндегі Луганск, Донецк, Запорожье және Херсон облыстарын өзінің меншігі ретінде аннексиялап алу жөніндегі ұйғарым жариялауына қайтарған қуатты жауап болып саналады.

Зеленский Путиннің «өзіне тиесілі емес нәрсені иемдеуге, тарихты қайта жазуға, шекара сызығын қайта қарауға» бағытталған бұл әрекетін «фарс» деп атады.

Володимир Зеленский өзінің бүгінгі видеоүндеуінің алдында бас қолбасшының ставкасы мен ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің отырысын өткізді. Бұған Ресей президенті Владимир Путиннің Ресей армиясы басып алған Донецк, Луганск, Херсон және Запорожье облыстарындағы украин территорияларын Ресей Федерациясы құрамына «қосу туралы келісімшартқа» қол қойып, осыдан бастап оларда тұратын халықтарды РФ азаматтары деп жариялағаны себеп болды.

Еске сала кетейік, Солтүстік атлантика аляьнсына мүшелікке кіруге ұмтылыс украин Конституциясында бекітілген. Оны украиндардың басым бөлігі қолдайды. Сонымен бірге, Украинаның НАТО-ға кіру процесі Ресейдің украин территориясының бір бөлігін оккупациялап алуына байланысты тоқтап қалған еді. Ал сарапшылар сол кезде-ақ мұның альтернативті жолы бар екенін алға тартқан болатын.

Міне, қазір сол жолдың бары расқа айналды.

Әлі анықталмаған мәнбелерге сәйкес, қазіргі сағаттарда Альянста Украинаны жеделдетілген тәртіппен НАТО-ға мүшелікке қабылдау жөніндегі жабық, жасырын дауыс беру процедурасы өтіп жатқанға ұқсайды. Олай болып жатса, күні ертең-ақ украин елі осы одақтың мүшелері санын тағы бір мемлекетке арттыратын болады.

Таңбалар: мүшеНАТОУкраина

Ұқсас мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады
Жаңалықтар

Украина Подольскідегі ең үлкен Wildberries қоймасына шабуыл жасады

16.08.2026
Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты
Жаңалықтар

Корея Украинаға Әуе қорғанысы зымырандарын беруден бас тартты

12.08.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist