28 Қараша, 08:11
RAST.kz
USD USD 458.13 ₸
EUR EUR 502.29 ₸
RUB RUB 5.58 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Польша НАТО-ға Украина үстіндегі РФ зымырандарды атып түсіруді бастауды ұсынды

27 Қараша 2026 07:15
- Жаңалықтар, Жаһан
Польша НАТО-ға Украина үстіндегі РФ зымырандарды атып түсіруді бастауды ұсынды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ВАРШАВА. 27 қараша. Польша үкіметі Солтүстік альянс бамшылығына Украина аспанында Ресей зымырандарын атып түсіре беруді бастау керектігін ескертті. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Бес жылға жуық уақытқа созылған соғыстың барысында одақтастардың Украинаға көмек көрсету мәселесін талқылауы кезінде оның аспанын, ең болмағанда батыс бөлігін қорғау туралы мәселе бұған дейін де көтерілген болатын. Бірақ осы мезгілге дейін мұндай қадам НАТО елдерін Ресеймен тікелей қақтығыс шегіне жеткізуі мүмкін тым қауіпті әрекет деп саналып келді.

Алайда Ресей дрондары мен зымырандары шекаралас елдерге жиі ұшып кіре бастады, ал дүйсенбіде Брюссельде өткен кездесуде Польша альянс мүшелеріне зымырандар НАТО аумағына қарай бағытталған кезде оларды Украина үстінде атып түсіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлады жағдаймен таныс дереккөздер Bloomberg агенттігіне.

Олардың айтуынша, кейбір елдер бұл ұсынысты қолдаған, алайда талқылау алдын ала сипатта болды, НАТО-ның ықтимал жауабы аясындағы нақты шаралар қарастырылмады. Негізінде, бұл Киевтен альянсқа ескертулер жіберуді және оған өз әуе кеңістігіне кіруге рұқсат беруді талап етеді. Бірақ мұндай қадам үшін НАТО елдерінің бірауыздан қабылдаған шешімі қажет, ал Bloomberg дереккөздерінің айтуынша, ондай келісім жоқ.

Өткен аптада Польша аумағына ресейлік үш Х-101 қанатты зымыраны құлады. Премьер-министр Дональд Туск Мәскеуді «қасақана арандатушылық жасады» деп айыптады, оның ішінде әуе кеңістігін бұзу НАТО-ның мыңдаған әскери қызметшілері қатысқан халықаралық оқу-жаттығулар өткен жерге жақын маңда болғанын алға тартты.

Брюссельдегі кездесу қорытындысы бойынша альянс елдің шығыс бөлігіндегі жағдайды бақылау үшін Польшаға AWACS ерте әуе ескерту ұшағын жіберу туралы шешім қабылдады. «Бұл бізге жағдайды тереңірек… жедел түсінуге мүмкіндік беретін өте жақсы жүйе, ол осындай қауіптерге тиімдірек жауап беруге жағдай жасайды», – деді осыдан кейін Польша қорғаныс министрінің орынбасары Павел Залевский. Сондай-ақ елге қосымша күштер мен құралдарды жіберу мүмкіндігін қарастыру туралы шешім қабылданды.

Қорғаныс министрі Владислав Косиняк-Камыш сәрсенбі күні RMF FM радиостанциясының эфирінде Украина үстіндегі зымырандарды ұстап қалу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып, одақтастар тарапынан «бұл мәселені талқылауға деген үлкен дайындықты» байқағанын мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, әрекет етуге «әзірге батылдық жоқ». «Талқылау жалғасуда. Ол қазір басталған жоқ. Ол бұрыннан жүргізіліп келеді. Бірақ, менің ойымша, бір елдің жалғыз өзі мұны істей алмайтыны анық», – деді Владислав Косиняк-Камыш.

Таңбалар: НАТОПольшаРесей зымырандары

Ұқсас мақалалар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды
Әлеумет

Қадыров Украинаға қолдау көрсететін НАТО елдеріне соққы беруге шақырды

19.07.2026
Түрік байтағында НАТО-ның екі күнге созылатын саммиті басталды
Жаңалықтар

Түрік байтағында НАТО-ның екі күнге созылатын саммиті басталды

07.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

    Қызылорда: облыс әкімі қала тұрғындары үшін жеке қабылдау өткізді

  • Қызылордада Қазақстан Халық Кеңесі «Халыққа жақын» жобасын бастады

  • «Халыққа жақын» жобасы: Қызылордада тұрғындармен кездесулер өтіп жатыр

  • Никол Пашинян ФСБ-дан Армения шекарасынан кетуді сұрады

  • Польша НАТО-ға Украина үстіндегі РФ зымырандарды атып түсіруді бастауды ұсынды

  • Эстония ешкімнің өз жерін өзге елге шабуыл жасау үшін пайдалануына жол бермейді

  • Швейцария Каримова шығарған $200 млн-нан аса қаржыны Өзбекстанға қайтарады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.13 ₸
EUR EUR 502.29 ₸
RUB RUB 5.58 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist