17 Қазан, 15:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Үкімет құрамындағы әйелдер саны қайтадан төртеуге жетіп отыр

30 Қыркүйек 2025 22:17
- Әлеумет, Жаңалықтар
Үкімет құрамындағы әйелдер саны қайтадан төртеуге жетіп отыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 30 қыркүйек. Қазақстан Үкіметі құрамындағы әйелдер саны тағы да төртеуге дейін жетті. Бұл туралы өз мәнбелеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Бұған кеше, 29 қыркүйек күні Мемлекет басшысының Жарлығымен Жұлдыз Сүлейменова ханымның Оқу-ағарту министрі болып тағайындалғаны тікелей себеп болды.

Жасыратыны жоқ, Үкіметтің басшылық құрамындағы әйелдер санының тарихта тұңғыш мәрте төртеуге толуы 2024 жылдың 6 ақпанында Ақмарал Әлназарованың Денсаулық сақтау министрі болып сапқа тұруымен бірге орын алып еді.

Сол кезде Тамара Дүйсенова Премьер-Министрдің орынбасары болса, Аида Балаева – Мәдениет және ақпарат министрі, Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болатын. Бірақ 2025 жылдың 14 ақпанында Президент көмекшісі болып тағайындалған Тамара Босымбекқызы биылғы 25 қыркүйекте бұл лауазымынан босатылғаннан кейін бұл қатар ептеп сетінеп кеткен. Міне, осылайша біреуге кеміген орынды соңғы жолы Парламент Мәжілісінде депутат болып отырған Жұлдыз Досбергенқызы артынша, арада төрт күн өтпей жатып, қайта толықтырды.

Үкіметтегі әйелдер санының көбеюін әлеуметтік желідегі бұқара жұртшылық өте жақсы қабылдар жатыр. «Үкіметтегі министр әйелдердің саны төртеу болды. Бұл – өте жақсы үрдіс. Себебі, әйелдер еркектерге қарағанда, әлдеқайда ұқыпты және жауапкершілікке қатаң қарайды, – деп жазды белгілі журналист Ербол Мәндібек кеше өзінің Facebook-тегі парақшасында. – Мысалы үшін айтайық, отбасылық тіршіліктің 90 пайызын әйелдер атқарады. Тамақ істеп, кір жуып, баланы оқытып, ата-енесіне үлгеріп, күйеуін жайғап, шығынның бәрін есептеп, тіпті туыспен дипломатиялық қатынасқа дейін ойластырып отырады».

Автордың ойынша, Үкіметтегі әйелдер – осының үлкен масштабтағы ауқымы. «Олар отанға қызмет етеді және адалдық принципі еркектерге қарағанда 80 пайызға басым. Тәуелсіздік жылдарында жемқорлық фактісімен істі болғандардың 90 пайызы еркектер екен. Демек, әйелдердің билікке баруына ешқандай қорқыныш жоқ. Керісінше, қоғам оларды қолдағаны дұрыс. Бүгін қызметіне кіріскен су жаңа білім министрі Жұлдыз Сүлейменова ханымға және барша нәзік жанды министрларға сәттілік!», – деп ойын тиянақтайды журналист-блогер.

Мұнымен келіспеу қиын. Автор тұджырымында рационалды дәнек бар. Мұны Еуропа мемлекеттерінде президент, премьер-министр, сыртқы істер министрі, қорғаныс министрі, сондай-ақ Еуропа комиссиясының райысы секілді аса жауапты лауазымдық қызметтерді өте табысты басқарып келе жатқан бір қауым әйелдер тобы да айқындап берер еді.

Қазір еске түсіп отыр, бұдан бір жылға уақыт бұрын, 2024 жылдың 17 қазанында өткен Орталық Азия әйелдер форумында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Парламент пен Үкіметтегі гендерлік теңсіздік туралы статистиканы жариялай келіп, бізде 27 Үкімет мүшесі қатарында небәрі төрт әйелдің бар екенін айтқан болатын. Бұл 17 пайызға да жетпейді. Демек, бұл сап әлі де толыға түсуі тиіс. Ал Парламентте 29 әйел болыпты. Онда 148 депутат болса, солардың 119-ын ер кісілер алып отыр. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметші әйелдердің саны тура 50 пайызды құрайтын көрінеді.

 

Таңбалар: әйелдерқұрамҮкімет мүшелері

Ұқсас мақалалар

Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді
Жаңалықтар

Тоқаев шахмат олимпиадасында екінші орын алған Қазақстан құрамасын құттықтады

28.09.2026
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді
Жаңалықтар

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді

22.09.2026
Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы құрамы анықталды
Сайыс

Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы құрамы анықталды

25.05.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist