6 Қыркүйек, 07:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

ҰБТ: 11-сыныптың IV тоқсаны сұрақтары қойылмайды

24 Сәуір 2020 08:36
- Жаңалықтар, Қайнар
ҰБТ: 11-сыныптың IV тоқсаны сұрақтары қойылмайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 24 сәуір. Ұлттық бірыңғай тестілеуде орта мектептің 11-сыныбының IV тоқсан сабақтарының сұрақ болмайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген rast.kz хабарлады.

«Ұлттық бірыңғай тестілеудің сұрақтары мектеп бағдарламасының шеңберінде меңгерілетін негізгі тақырыптарды қамтиды», – делінген хабарламада.

Оқу бағдарламасына сәйкес 11-сынып оқушылары IV тоқсанда, негізінен, бұрын оқылған материалды қайталап, бекітеді, яғни, 11-сыныптың соңғы тоқсанында жаңа тақырыптар аз.

Осыған байланысты Ұлттық тестілеу орталығы 2020 жылғы ҰБТ-да пайдаланылатын сұрақтар IV тоқсанның бағдарламасын қамтымайтынын мәлімдеді.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, мамандар тест тапсырмаларының мазмұнын егжей-тегжейлі талдады.

«Біз қашықтан оқуға көшу ҰБТ-ға дайындалуға әсер етпейді деп есептейміз, оның үстіне, мектеп оқушылары ҰТО-ның сайтында орналастырылған сынама тестілерін тегін пайдалану мүмкіндігіне ие. Әрбір пән бойынша 70 нұсқа әзірленді. Біз оқушылардың сынама тестілерін белсенді пайдаланатынын көріп отырмыз. Карантин кезінде оқушылардың ҰБТ-ға жақсы дайындалуы үшін барлық жағдай жасалуда. Оның үстіне ҰБТ сұрақтары төртінші тоқсанның тақырыптарын емес, жалпы мектеп бағдарламасын қамтиды. Айтпақшы, соңғы жылдары фактологиялық материалды жаттау мен  есте сақтауға емес, функционалдық сауаттылыққа байланысты сұрақтардың үлесі артып келеді», – деді Дидар Смағұлов.

Ол, сондай-ақ, ҰБТ-ны өткізу бұрынғы форматта қалатынын, алайда қосымша санитарлық шектеу шаралары енгізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, карантин ұзартылған жағдайда ҰБТ-ді өткізудің балама нұсқасы дайындалуда.

Таңбалар: дидар смағұловҰБТ

Ұқсас мақалалар

Сыр өңірінің білім саласы биылғы оқу жылының қорытындысында зор табысқа жетті
Жаңалықтар

Сыр өңірінің білім саласы биылғы оқу жылының қорытындысында зор табысқа жетті

22.07.2026
Оннан астам талапкер оқуға жалған ҰБТ сертификатын тапсырған
Жаңалықтар

Оннан астам талапкер оқуға жалған ҰБТ сертификатын тапсырған

23.07.2024
ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде білім алмақшы болып отыр
Жаңалықтар

ҰБТ-дан 1 балл жинаған түлек шетелде білім алмақшы болып отыр

12.07.2024
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist