13 Шілде, 20:07
RAST.kz
USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Трамп АҚШ құрамасын ұятқа қалдырды. Бельгия өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ

7 Шілде 2026 16:49
- Жаңалықтар, Сайыс
Трамп АҚШ құрамасын ұятқа қалдырды. Бельгия өз мүмкіндіктерін жіберген жоқ
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СИЭТЛ. 7 шілде. Бүгін таң алдында АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы «Lumen Field» стадионында Бельгия құрамасы 1/8 финалдық матчта алаң иелері – АҚШ құрамасын 4:1 есебімен тас-талқан етіп жеңді. Бұл туралы «Спорт-Экспресс» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Екі команда арасындағы кездесу басталмай тұрып, оған қатысты орасан зор жанжал туып кетті. Бұған ФИФА-ның мұның алдында Босния және Герцеговина арасындағы ойында алаңнан қуылып кетіп, 3 матчқа дисквалификация алған америкалық Фалорид Балогунның жазасын жедел шартты түрге алмастырып, осы матчқа қатысуға рұқсат беріп жібергені себеп болды. Шын мәнінде бұл негізсіз шешім еді, алайда ФИФА басшылары Тәртіптік кодекстің 27-бабын пайдалана отырып, оған осындай құқық беріп қойды. Дегенмен, бұл әлдеқандай бір тосын шешім болған жоқ, себебі халықаралық федерация бұған дейін 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде екі матч жіберіп алуға тиіс болған Криштиану Роналдуды тап осындай тәсілмен «арашалап» алып шыққан. Былайша айтқанда, бәрі заңды.

Ал бұл оқиғаның жанжалды болып шығуы ФИФА мұндай қадамға футболға ешқандай қатысы жоқ АҚШ президенті Дональд Трамптың халықаралық ұйым басшысы Джанни Инфантиноға екі рет қоңырау шалып, Балогунның дисквалификациясы жағдайын қайта қаруды өтінгенінен туып тұр. Басында мұны біреулердің шығарып жүргені деген әңгіме тарады. Алайда соңынан мұның жайын Трамптың өзі жұртқа жайып жіберді.

«Бұл – әділетсіздік, бұлай етуге болмайды. Сондықтан мен ФИФА-дан аталмыш шешімді қайта қарауды сұрадым. Өзім қатты құрмет тұтатын адаммен сөйлестім. Енді оны он есе артық сыйлаймын. Ол бұрын да жақсы еді, енді тіпті АҚШ футболын қосымша ілгері жылжытуға көмектесіп жатыр», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Мұның бәрі әлемдегі АҚШ құрамасына бүйрегі бұратындарға қатты соққы болып тиді.

Екінші жағынан Бельгия құрамасын да ерекше қайрап тастады. Сондықтан оның ойыншылары алаңға тас-түйін болған берік шешіммен өте ширақ болып шықты. Олар Трамп пен Инфантиноның өздеріне қарсы жасап отырған әділетсіз әрекеттеріне лайықты жауап қайтаруға жұмылды.

Кездесу Бельгия құрамасының жойқын шабуылымен басталды. Ақыры қонақтар 9-минутта есеп ашты. Оны Николас Раскиннің қақпа алаңына көлбей берген допты Шарль де Кетеларе басымен ұрып түсіру арқылы өз есебіне жазды. Америкалықтар 31-минутта Малик Тилльманның дәл соққысымен есепті теңестірді. Бірақ араға екі минут салып, бельгиялықтар тағы алға шықты. Оны тағы да Шарль де Кетеларе салып, дубльге қол жеткізді.

Екінші таймның басында бельгиялықтар есепті ұлғайта түсті. Бұған америкалықтар қақпашысы Матью Фриздің айып алаңының сыртына жүгіріп шығып тоқтатқан добын өз ойыншыларына беру кезіндегі қателігі себеп болды. Оны іліп алған Ханс Ванакен 57-минутта алыстан ұрып, тордан бір-ақ шығарды. Ал матчтың соңғы нүктесін 67-минутта алаңға шыққан Ромелу Лукаку 90+3-минутта қойды. Сөйтіп, америкалық арманның күлі көкке ұшты.

Енді «қызыл перілер» ширек финалда Испания құрамасымен беттеседі. Матч 11 шілде, жұма күні Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады. Ол Лос-Анджелес қаласындағы «Инглвуд» стадионында ойналады.

Таңбалар: АҚШәлем чемпионатыБельгияфутбол

Ұқсас мақалалар

Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды
Жаңалықтар

Аргентинаны чемпионаттан алуды талап ету петициясына 3 млн адам қосылды

13.07.2026
Аргентина Швейцарияны овер-таймда ұтып, жартылай финалға жолдама алды
Жаңалықтар

Аргентина Швейцарияны овер-таймда ұтып, жартылай финалға жолдама алды

12.07.2026
Англия Норвегияны қосымша уақытта ұтып, жартылай финалға шықты
Жаңалықтар

Англия Норвегияны қосымша уақытта ұтып, жартылай финалға шықты

12.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

    Қазақтың белгілі ақыны, аудармашы Нұртас Исабаев өмірден өтті

  • «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттығына кандидаттардың тізімін жариялады

  • БЕЙІМБЕТТІҢ ІЗБАСАРЫ

  • Журавлев «нацизмді» ауыздықтау үшін Украина халқының жартысын жоюды ұсынды

  • Боксшы Теміртас Жүсіповтің сұрапыл соққыларынан соң әйелі ауруханаға түсті

  • Мұрат Әбенов: Сүлейменованы сүріндіру операциясы сәтсіз аяқталады

  • Қазақстан ресейліктердің шекарадан өтулеріне қарсы жаңа шектеулер енгізді

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 477.11 ₸
EUR EUR 545.58 ₸
RUB RUB 6.2 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist