17 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Төретам теміржол вокзалы қайта жаңғырылып, ел игіліне ұсынылды

18 Қыркүйек 2026 17:38
- Аймақ, Жаңалықтар
Төретам теміржол вокзалы қайта жаңғырылып, ел игіліне ұсынылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТӨРЕТАМ. 18 қыркүйек. Қызылорда облысындағы Төретам теміржол вокзалы да бүгін қайта жаңғырылған қалпында пайдалануға берілді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осыған арналған салтанатты рәсімге Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, Құрылтай депутаттары Серік Қожаниязов, Нұркен Бақытбекұлы, Мағжан Ералиев, Ирина Тен, сондай-ақ мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.

Жиында сөз сөйлеген Мұрат Ергешбаев теміржол инфрақұрылымын дамытуға арналған мақсатты жұмыстарға тоқталып, вокзалдарды заман талабына сай жаңғыртудың тұрғындар үшін де, аймағымызға келетін қонақтар үшін де маңызы зор екенін атап өтті.

«Сыр өңірі – тоғыз жолдың торабында орналасқан, өңірлерді бір-бірімен жалғаған маңызды көлік дәлізі. Облыс аумағынан 15жолаушы пойызы өтеді. Облыс орталығынан Астана, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семей, Түркістан қалаларына пойыз қатынайды», – деді Мұрат Нәлқожаұлы сөзінде.

Бүгін – қасиет қонған, Қорқыт баба дүниеге келген Қармақшы ауданында қуанышты күн жалғасты.

«Өздеріңізбен бірге аймағымыз үшін маңызы зор жобалар – Төретам және Жосалы теміржол вокзалдарын пайдалануға береміз. Ел игілігі жолындағы барлық бастамаға сәттілік тілейміз!Сондай-ақ осы нысанды күрделі жөндеуден өткізуге үлес қосқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!», – деді аймақ басшысы.

Рәсімде Құрылтай депутаты Мағжан Ералиев сөз сөйлеп, орын алып отырған шадыман шақпен жиналғандарды құттықтады. Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков бата берді.

Іс-шараның соңы теміржол саласы мен осы құрылысты жүргізген мердігер мекеменің қызметкерлерін облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттауға ұласты.

Төретам теміржол вокзалының тарихы Байқоңыр ғарыш айлағының құрылу және қалыптасу кезеңімен тығыз байланысты. Станция арқылы айлаққа қажетті құрылыс материалдары, жабдықтар және жүк тасымалданды.

Жаңғыртылған вокзал енді тәулігіне 250 жолаушыға қызмет көрсетеді. Күрделі жөндеу кезінде ғимараттың қасбеті мен іргетасы қапталып, шатыр жабыны, есік-терезелері ауыстырылды. Электр желілері жаңартылып, жылу жүйесі жүргізілді, заманауи талапқа сай жабдықталды.

Мұнда жолаушыларға арналған күту залы, мүгедектігі бар және балалы жолаушыларға арналған арнайы бөлмелер, медициналық пункт қарастырылған.

Қайта жаңғырту жұмыстарына 1 млрд теңге қаржы бөлінді.

Таңбалар: жаңғыртустанцияТөретам

Ұқсас мақалалар

Қайта жаңғыртылған Арал теңізі теміржол вокзалы пайдалануға берілді
Аймақ

Қайта жаңғыртылған Арал теңізі теміржол вокзалы пайдалануға берілді

18.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist