24 Тамыз, 23:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тоқаев әлем чемпионатынан олжалы оралған боксшыларды қабылдады

18 Қыркүйек 2025 20:48
- Жаңалықтар, Қоғам
Тоқаев әлем чемпионатынан олжалы оралған боксшыларды қабылдады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 18 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне марапат тапсырды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Президент Англияның Ливерпуль қаласында өткен World Boxing федерациясының тұңғыш әлем чемпионатына қатысып қайтқан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелерін тамаша жеңісімен құттықтап, мұның еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін атап өтті.

«Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде әнұранымыз жеті рет шырқалды, көк туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды. Әрине, кілең мықтылар жиналған жаһандық аламанда топ жару оңай емес. Бұл жетістік жылдар бойғы табанды еңбекпен, маңдай термен келгені анық. Біздің ұл-қыздарымыз бокстың отанына барып, өздерінің нағыз мықты спортшы екенін дәлелдеді. Санжар Тәшкенбай және Махмұд Сабырхан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбайдың ерекше өнеріне жаһан жұрты тәнті болды. Боксшы қыздарымыз әлемдік жарыста шеберліктің озық үлгісін көрсетті. Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова алтын медаль алып, жеңіс тұғырына көтерілді. Назым Қызайбай шаршы алаңға бірінші болып шығып, елімізге ақжолтай жүлде әкелді. Виктория Графеева және Елдана Тәліпова қола медаль жеңіп алды. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Қайрат Сәтжанов, Елдос Сайдалин бастаған жаттықтырушыларға және басқа да мамандарға зор алғыс айтамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитеті көп жұмыс атқарғанына тоқталып, Қазақстан Бокс федерациясының еңбегін ерекше атап өтті.

«Біз үшін жекпе-жек спортының орны қашанда бөлек. Соның ішінде әйгілі Шоқыр Бөлтекұлы негізін қалаған қазақ боксының өз тарихы бар. Өткен ғасырдың ортасынан бері көптеген спортшымыз әлемді мойындатты. Тәуелсіздік кезеңінде аға буынның даңқты жолы үзілген жоқ. Жазғы олимпиада ойындарынан ел қоржынына түскен 15 алтынның жетеуі – боксшыларға тиесілі. Бұл сабақтастық болашақта лайықты жалғасын табады деп сенеміз. Оған барлық мүмкіндік бар», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жастардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалғанын, инфрақұрылымды жақсартуға баса мән беріліп жатқанын айтты.

«Балаларға арналған жаттығу залдары, үйірмелер ашылуда. Ауылдық жерлерде заманға сай спорт кешендері бой көтеруде. Менің тапсырмаммен биыл Ұлттық спорт университеті ашылады. Боксты дамытуға арналған нақты шаралар қолға алынып жатыр. Жалпы, біздің еліміздің бокстағы әлеуеті орасан зор. Мұны әлемдік спорт қауымдастығы да мойындайды. Спортшыларымыз – өте дарынды, әлем чемпиондары аз емес. Сондықтан мемлекет боксқа басымдық беріп, оны ұдайы назарда ұстайды. Осы бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуге тиіс. Біз боксты ұлттық спорт деңгейіне көтеруіміз керек. Бұл – өте маңызды міндет», – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, World Boxing аясында алғаш рет өткен әлем чемпионатындағы нәтиже – ұлттық құраманың бірлескен жұмысының жемісі. Боксшылар, жаттықтырушылар, менеджерлер, спорт дәрігерлері мен басшылар бірігіп, бүгінгі жетістікке жетті.

«Сондықтан жеңіс тұғырынан көрінген спортшылармен қатар, бұл айтулы жеңіске үлес қосқан әрбір азаматты құрметтеуіміз керек. Бокстағы жоғары бәсекелестікті, сондай-ақ оны дамытудың заманауи үдерістері пайда болғанын ескере отырып, Ұлттық құраманы даярлауға кәсіби мамандарды тартып, озық инновациялық шешімдерді белсенді енгізу қажет», – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты спортшы Геннадий Головкинге боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасына қайтаруға атсалысқаны үшін ризашылығын білдірді.

«Әлемдік сайыста ел намысын қорғау – зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік. Сіздердің жеңістеріңіз жастардың спортқа деген құлшынысын арттырады. Спортшыларымыз ұлт саулығын жақсартуға үлес қосып жатыр деп айтуға болады. Чемпион болу – ел мерейін асыру деген сөз. Спортшылардың даңқы – барша халықтың даңқы. Олардың мәртебесі – бүкіл мемлекеттің мәртебесі. Сондықтан біз спортшыларымыздың әр жетістігін мақтан тұтуымыз керек. Бір ел болып, чемпиондарымызды ұлықтап, олардың еңбегін жоғары бағалап, қоғамда жан-жақты дәріптеуіміз қажет. Мұның бәрі спортты насихаттап, саламатты қоғам құру үшін өте маңызды. Мемлекет сіздерді әрдайым қолдайды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы әлемге әйгілі спортшы болу үлкен жауапкершілік жүктейтініне, жастардың чемпиондарға қарап бой түзейтініне назар аударды. Сондықтан сөзбен, іспен, күнделікті мінез-құлық, жүріс-тұрыспен, әдеп-дағдымен көпке үлгі болу өте маңызды деп атады.

«Жастарды отаншыл, еңбекқор, білімпаз, тәртіпті, жинақы, ұйымшыл, жанашыр болуға баулу керек. Мен сіздерді чемпион деген атқа лайық еліміздің мықты спортшылары деп есептеймін. Жалпы, үлкен спортта биікке көтерілу оңай емес екені белгілі. Ал сол биікте қалу – одан да қиын жұмыс. Сондықтан жеткен жетістікке масайрап, босаңсуға болмайды. Алдымызда тұрған үлкен белес – Лос-Анджелестегі жаһандық дода. Олимпиаданың жеңіс тұғырына шығу – әр спортшының арманы. Бүкіл Қазақстан халқы сіздерге сенеді, үміт артады. Ел сенімін ақтау үшін қазірден бастап дайындыққа кірісу керек. Мен ұлттық құраманың осы жеңісін Олимп шыңына бастайтын маңызды қадам деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Салтанатты басқосуда әлем чемпиондары Айбек Оралбай мен Наталья Богданова сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен жаттықырушыларды марапаттады.

«Құрмет» орденімен:

  1. Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Ислам Әбдірайымов;
  2. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Аида Әбікеева;
  3. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Алуа Балқыбекова;
  4. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Наталья Богданова;
  5. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Дастан Қабденов;
  6. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Нұржан Насанов;
  7. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Айбек Оралбай;
  8. Шымкент қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы № 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков;
  9. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Махмұд Сабырхан;
  10. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Төрехан Сабырхан;
  11. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясы бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин;
  12. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спортты дамыту дирекциясы бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов;
  13. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Санжар Тәшкенбай марапатталды.

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

  1. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Виктория Графееваға;
  2. Алматы қаласы спорт басқармасы № 6 олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мамандандырылған мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Нұрлан Мұхамбетқалиевқа;
  3. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Елдана Тәліповаға берілді.

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Алғысы:

  1. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа;
  2. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Назым Қызайбайға;
  3. Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Долкунжан Камековке жарияланды.
Таңбалар: боксқабылдауҚасым-Жомарт Тоқаевмарапат

Ұқсас мақалалар

Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті
Жаңалықтар

Президент халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен жүздесті

24.08.2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Украинаны Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

24.08.2026
Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

23.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist