18 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Теннисші Рыбакина Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысудан бас тартты

25 Шілде 2024 23:16
- Жаңалықтар, Қайнар
Теннисші Рыбакина Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысудан бас тартты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 25 шілде. Қазақстанның ең үздік теннисшісі Елена Рыбакина Париж Олимпиялық ойындарына қатыспайтын болды. Бұл туралы Sport Arena ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Қазақстанның үздік теннисшісі Олимпиадаға қатыспайды. Бұған таң қалуға болмайды. Елена Рыбакина бір жылдан астам уақыттан бері біздің еліміздің атынан ресми жарыстарға қатысқан жоқ», – делінген таблоид хабарламасында.

Олимпиаданың ресми сайты Рыбакинаны жалғыз разрядты және микст торларынан шығарып тастады. Жеке разрядта Қазақстанның үздік теннисшісін (4-орын) аустралиялық Дарья Сэвилл (77-орын) алмастырады. Ал микстке келсек, онда Рыбакина біздің Александр Бубликпен жұптасып өнер көрсетуі керек еді.

Осыған орай Sport Arena Ресейден бізге натурализациялану жолымен келген Рыбакинаның Қазақстан атынан жарыстарға қатысудан тайқып кете берушілігі бүгін бастала салмағанына, оның берік үрдіске айналғанына ерекше назар аударады. Портал оған айғақ ретінде мынадай нақты деректерді алға тартады:

– Елена өткен, 2023 жылдың басты жарысы – Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында құрама сапынан табылған жоқ. Сәл кейінірек ол Азиядада жеңімпаз атанған спортшыны басқа сайыста екі сетте «тас-талқан» етеді;

– Өткен күзде жарақат алдым деген сылтаумен құрама сапында Билли Джин Кинг Кубогы үшін жарысқа қатысудан бас тартты;

– 2024 жылы Жапонияда өткен Федерация кубогы үшін маңызды матчқа бармай қалды. Сылтауы – Олимпиадаға дайындық жасау.

Елена енді сол Олимпиялық ойындарға да қатыспайтын болып отыр. Ол мұның алдында Лондонда өткен «Уимбилдон» халықаралық турнирінде өнер көрсетіп, жартылай финалға дейін барған еді.

Сонда ол үшін шынымен Олимпиададан гөрі коммерциялық жарыстар маңыздырақ па?

P.S. Қазақстан Теннис федерациясындағылар спортшының Ойындар-2024-ке қатыспау жөнінде шешім қабылдауына кенеттен сырқаттанып қалуы себепкерлік еткенін айтады. Бірақ мұның өзі түбі ресейлік Елена Рыбакинаның соңғы жылдары табанды түрде Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетуден шет қалып келе жатқанын жоққа да шығара алмайды, неге бұлай болып жүргенін ақтап та ала алмайды. Сонда оған Қазақстанның ақшасы тектен-текке беріліп жүрген болды ма, Болат Өтемұратов мырза?!

Таңбалар: бас тартуЕлена РыбакинаОлимпиялық ойындар

Ұқсас мақалалар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

28.09.2026
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирін ұтқаннан кейін Қазақстанға оралды
Жаңалықтар

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирін ұтқаннан кейін Қазақстанға оралды

23.09.2026
Елена Рыбакина Қазақстанға оралуды асыға күтіп жүргенін айтты
Жаңалықтар

Елена Рыбакина Қазақстанға оралуды асыға күтіп жүргенін айтты

15.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist