11 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Теннис: Арина Соболенко – Елена Рыбакина матчына болжам

12 Қыркүйек 2026 10:08
- Жаңалықтар, Сайыс
Теннис: Арина Соболенко – Елена Рыбакина матчына болжам
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Sport5bu порталы бүгін 13-қыркүйекке қараған түні, Астана уақытымен сағат 01:00-де басталатын US Open финалында Арина Соболенко мен Елена Рыбакина арасында өтетін кездесудің болжамын білдіреді.

Арина Соболенко

Белорус қызы тағы да Нью-Йорктегі шешуші матчқа жетті. Сонымен қатар, Арина осымен қатарынан төртінші жыл US Open турнирінің финалына шығып отыр. Ол жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы сенімді түрде жеңіп шықта – 7:5, 6:2. Матч небәрі 1 сағат 20 минутқа ғана созылды, онда белорус атлеті өз есебіне 29 виннер мен 7 эйс жазды.

Америкалық спортшы ойын біткесін «Аринаны қалай қатты ашуландырып алғанымды білмеймін, ол соншалықты ызаланып ойнады» деді.

Енді Соболенконың алдында ерекше міндет тұр. Ол финалда жеңіске жеткен жағдайда, Серена Уильямстың кезінен кейін үш жыл қатарынан US Open-ді жеңіп алған алғашқы теннисші болады.

Белорус бұған дейін Нью-Йоркте қатарынан екі рет жоғары атаққа қол жеткізіп үлгеріп еді, енді оның тағы бір тарихи жеңіске жетуі үшін бір ұтыс жетіп жатыр.

Солай дей тұрғанмен, Арина теннис тарихында тағы бір жетістікке қол жеткізіп қойған: ол қазір хардтық «Үлкен Дулыға» турнирінде қатарынан сегіз финалға шыққан бірінші ойыншы болып отыр. Бұған дейінгі рекорд – қатарынан жеті рет финалда шайқасу жетістігін неміс Штеффи Граф (USO 1987–1990), швейцариялық мадьяр Мартина Хингис (AO 1997–2000) және серб Новак Джокович (USO 2010–2013) өзара бөліскен екен.

Елена Рыбакина

Қазақстандық теннисші де турнирді керемет өткізді. Ол жартылай финалда Кори Гауффпен кездесіп, бірінші сеттегі жеңілісінен кейін есепті толығымен өз пайдасына өзгерте алды – 3:6, 6:4, 6:4.

Рыбакина үшін бұл өз мансабындағы АҚШ ашық чемпионатының ең финал болмақ. Жалпы, Қазақстан өкілі осымен төртінші мәрте «Үлкен Дулыға» турнирінің ақтық айқасында күш сынасады. Осы маусымда Елена Австралияның ашық чемпионатында жеңіске жеткен болатын, ол сол шешуші матчта Соболенконы тіде бүктірген еді – 6:4, 4:6, 6:4.

Рас, сол кездесуден кейін басымдық белорус спортшысы жағына өткен. Наурыз айында Соболенко Индиан-Уэллс финалында Рыбакинадан есесін қайтара білді, содан кейін Майамидің жартылай финалында да ұтты – 6:4, 6:3. Осылайша Арина 2026 жылғы үш кездесудің қорытындысында 2:1 есебімен алда келеді. Ал тұтастай алғанда, екеуінің кездесулері 10:7 деген есеппен белорус қызының пайдасына шешіліп тұр.

Сонымен қатар, US Open-ден кейін Елена өзінің мансабында бірінші рет WTA рейтингісінде әлемнің бірінші ракеткасы болатынын атап өтеміз.

Болжам

Мен бұл финалды 2026 жылғы маусымдағы классикалық хард турнирінің басты текетіресі деп атауға болады деп ойлаймын. Әсіресе, белорус пен қазақстандықтың қатысуымен жыл басында өткен екі ірі финалдан кейін.

Болжамның өзіне келейік. Бұлайша мәлімдеу тым астамшылық болып көрінуі мүмкін, бірақ Арина Соболенко қатарынан үшінші дүркін US Open-ді алады. Белорус қызы осыған дейін-ақ иығынан бір ауыр жүкті түсіріп үлгерді, енді неге оған жаңа шыңды бағындырмасқа?! Рыбакинаға келетін болсақ, ол Нью-Йоркке келгендегі негізгі мақсатына қол жеткізді. Сөйтіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанады, бұл қуаныш оның ендігі екпінін басып тастайды ғой деп ойлаймын. Егер Арина тура жартылай финалдағыдай етіп ойнайтын болса, Рыбакинаның іс жүзінде ешқандай мүмкіндігі болмайды

Бәс: Арина Соболенконың жеңісі – 1.68 коэффициент.

Екі теннисшінің өзара кездесулері әрдайым үлкен сүргін үстінде өтеді. Бұл кездесуден де басқаша бір ерекше жағдайды күтудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Бізді бәрінен бұрын өте ашық және қызу қарқынмен өтетін финалдық матч күтіп тұр.

Автор: Максим Миклашевич

 

Таңбалар: US OpenАрина СоболенкоболжамЕлена Рыбакинафинал

Ұқсас мақалалар

Боксшы Төрехан Сабырхан Азиада-2026-ның алтын медалін жеңіп алды
Жаңалықтар

Боксшы Төрехан Сабырхан Азиада-2026-ның алтын медалін жеңіп алды

02.10.2026
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

28.09.2026
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирін ұтқаннан кейін Қазақстанға оралды
Жаңалықтар

Елена Рыбакина US Open-2026 турнирін ұтқаннан кейін Қазақстанға оралды

23.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

    Сыр бойының белгілі перзенті Шахизат Төребаев өмірден өтті

  • «Өз еліме керек емеспін»: Тәжірибелі төрешіге қысым жасаған кім?

  • Мерекелік іс-шарада Сыр өңірінің үздік ұстаздарына құрмет көрсетілді

  • Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

  • Қазақстан Ресейдің Иркутск облысындағы ахуалды бақылауында ұстайды

  • Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

  • Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің экс-бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков ұсталды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 453.93 ₸
EUR EUR 508.72 ₸
RUB RUB 5.35 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist