8 Қыркүйек, 20:09
RAST.kz
USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Тәжікстан Қырғызстанға агрессияны жоспарлы түрде жасаған

Қырғызстан бас прокуратурасы осыған орай қылмыстық іс қозғады

4 Мамыр 2021 11:05
- Жаңалықтар, Қоғам
Тәжікстан Қырғызстанға агрессияны жоспарлы түрде жасаған
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

БІШКЕК. 4 мамыр. Қырғыз Республикасының бас прокуратурасы Тәжікстан әскерилерінің әрекеті алдын ала жоспарластырылған агрессия екенін айғақтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.

Бас прокуратура осыған байланысты қылмыстық іс қозғады.

«2021 жылғы 29 сәуір күні шамамен 04:40 сағатта Баткен облысы Баткен ауданындағы «Көк-Таш» айылының «Кочо-Бою» деген жерінде жергілікті тұрғындар мен тәжік азаматтары арасында орын алған қақтығысты тәжік тарапы арандату жолымен ұйымдастырған», – делінген хабарламада.

«Осының салдарынан Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасында 2004 жылғы 26 мамырда қабылданған тату көршілік және әріптестік қарым-қатынас туралы келіссөз, бейбіт қатар өмір сүру, достық және тату көршілік принциптері бұзылған, Тәжікстан Республикасының әскери қызметкерлері Қырғызстан Республикасының егемен территориясын басып алу мақсатында Қырғызстанның егемендігі мен территориялық тұтастығын бұза отырып, әлдеқандай бір кінәрат тақпастан, сол аймақтағы бейбіт тұрғындарды, мемлекеттік шекараны күзетуші әскери қызметкерлерді, бейбіт өмір тәртібін қорғаушы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін жаппай қырып-жою жолымен біздің еліміздің аумағына тұтқиылдан басып кірді, автоматты қарулардан, минометтерден, бронды танк техникаларынан, әскери ұшақтар мен басқа да соғыс құралдарынан оқ жаудырды», – делінген хабарламада тағы.

Бұдан әрі Тәжікстан Республикасы әскери қызметкерлерінің миномет пен әскери тікұшақтарды қолдана отырып, «Булак башы», «Қапшығай», «Достук», «Мин булак» шекара заставалары мен «Кожожар», «Кызыл бел» шекара бекеттеріне, Баткен облысы Баткен және Ләйлек аудандарының елді мекендеріне қарулы шабуыл жасап, Қырғызстан Республикасының территориясын басып алғандары айтылады.

Тәжікстан әскери қызметкерлері тарапынан орын алған қарулы шабуылдың нәтижесінде Қырғыз Республикасының көптеген құқық қорғаушылары, әскери қызметкерлері және бейбіт тұрғындары түрлі отты қарулар мен жарқыншақтардан жарақат алды, олардың арасында қаза тапқандар да бар, сондай-ақ Қырғызстанның көптеген азаматтық және әскери нысандарына залал келтірілді, бірқатары жойылып кетті.

«Тәжікстан Республикасы әскери қызметкерлерінің жоғарыда аталған әрекеттері Қырғызстан Республикасының егемендігі мен тұтастығына қатысты арандату мен басқыншылықты күні бұрын жоспарлап алып жасағандарын айғақтайды», – делінген бас прокуратура хабарламасында.

Тәжікстан әскери қызметкерлерінің әрекеттерінде халықаралық келіссөздер мен келісімдерді бұзып, қарулы агрессияны, басқыншылық жасауды жоспарлау, дайындау, оларды іске қосу және оған қатысу бар екені қарастырылады.

Қырғызстан Республикасының бас прокуратурасы 2021 жылғы 29 сәуірдегі аталмыш деректе Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабында (бейбіт өмірге қарсы қылмыс) қарастырылған қылмыстың белгісі бар деп тапты.

Сотқа дейінгі өндірісті тергеу Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетіне, ішкі істер министрлігі мен әскери прокуратураға тапсырылды.

Таңбалар: агрессиябас прокуратураҚырғызстанТәжікстан

Ұқсас мақалалар

Қазақстандық дәрігерлер Тәжікстанда күрделі оталарға мастер-класс өткізді
Әлеумет

Қазақстандық дәрігерлер Тәжікстанда күрделі оталарға мастер-класс өткізді

29.08.2026
Тәжік футболының жарық жұлдызы Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Жаңалықтар

Тәжік футболының жарық жұлдызы Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды

16.06.2026
Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды
Жаңалықтар

Қырғызстан бірінші рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды

03.06.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Ағат пікірге – адаспас ақиқат

  • Путин өзінің кортежіне пулемет орналасқан пикапты қостырып қойды 

  • Қызылордада Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты кітабы талқыланды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 454.46 ₸
EUR EUR 527.72 ₸
RUB RUB 5.25 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist