17 Қазан, 18:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Таза Қазақстан»: Қызылорда облысында бүгін 12 000 түп тал егілді

25 Сәуір 2026 20:09
- Аймақ, Жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: Қызылорда облысында бүгін 12 000 түп тал егілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 сәуір. Еліміз бойынша өткізілген «Таза Қазақстан» акциясына Қызылорда облысының жұртшылығы да белсенділікпен қатысты. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Астанада Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын бастап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды.

Президентке жауапты мемлекеттік орган басшылары атқарылған жұмыстар жайында баяндады.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Таза Қазақстан» акциясы басталған екі жыл ішінде 1,5 мың экологиялық іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді. Осы уақыт аралығында 2 миллион тонна қоқыс жиналып, 5,5 миллионға жуық тал егілген. Жыл сайын бұл бастамаға 6,5 миллион адам, соның ішінде 780 мың волонтер қатысады.

Министрдің айтуынша, 2021-2025 жылдары орман қорын толықтыру үшін 1 миллионнан аса гектарға 1 648,4 миллион түп көшет отырғызылған. Елді мекендерде бес жыл ішінде 18,4 миллион ағаш егілді. Алдағы уақытта 1 760 мың гектар жерді қамтитын 46 экоаумақ құрылады.

Қызылорда қаласында жаңадан салынған Президент саябағындағы шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, облыстық басқарма, департамент, инспекция басшылары мен қызметкерлері, еріктілер, экобелсенділер, жастар ұйымдары және студенттер қатысты.

Акцияға аймақтың аудандарынан, елді мекендерінен 25 000 мыңнан астам адам атсалысып, 12 мыңнан астам тал егілді, 325,7 гектар аула тазартылып, 320 тоннадан астам қоқыс шығарылды, 250-ден астам техника жұмылдырылды.

Өңірде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде.

Кәсіпкерлердің демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар заманауи үлгіде жөндеуден өткізілуде.

Қызылорда қаласындағы орталық алаң, қалалық мәдени-демалыс паркі, Қорқыт ата мемориалды аллеясы  жаңғыртылса, Президент саябағы қайта салынды. Онда заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед және жүгіру жолақтары, санитарлық пункттер орнатылған. Жалпы 31 гектарға 2 мыңнан астам ағаш, 50 мыңнан астам сәндік бұта және 17 түрлі көп жылдық гүл егілді.

Қазіргі таңда Президент саябағы аумағында 10 млрд теңгеге жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істейтін 300 орындық заманауи балалар тынығу лагері, 5 млрд теңгеге Ботаникалық білім беру орталығы (қысқы бақ) салынуда. Жақында 9 млрд теңгеге Сырдария өзені үстінен Президент саябағын қаламен байланыстыратын жаяу жүргіншілер көпірінің құрылысы басталады.

Бұл жұмыстар барлық ауданда жалғасын тауып, жаңа демалыс орындары, аллеялар айналаның сәнін кіргізді, көшелерге абаттандыру, жарықтандыру жұмыстары атқарылуда.

Ауылдарда қолайлы орта қалыптастыру, тұрғындарды тазалық шараларына ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үлгілі елді мекен» конкурсы өткізіледі. Соңғы үш жылда 2 млрд 64 млн теңге бөлініп, үздік елді мекендерге 67 арнайы техника табыс етілді.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды тиімді басқару, оларды сұрыптау, өңдеу және кәдеге жарату бағытында «Жасыл даму» АҚ қаржыландыруымен 98 млрд 700 млн теңгеге 9 жоба қолға алынған. Жаңақорған ауданындағы қатты қалдықтарды сұрыптау кешені толық қаржыландырылып, құрал-жабдықтары жеткізілді. Қазіргі таңда іске қосылуда. Қалған 8 жоба «Өнеркәсіпті дамыту қоры» сараптамасынан өткізіліп, қаржыландыру үшін тиісті келісімшарттар жасалуда.

Облыстық бюджеттен 475 млн теңгеге Сырдария ауданында сұрыптау кешені бар қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны ашылды. Тағы екі жаңа жоба жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді, салалық министрлікке қаржыландыру үшін ұсынылды.

Қалдықтарды сұрыптау мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыс көлемінде 10 мыңға жуық контейнер орнатылды. Көп қабатты тұрғын үйлер, ірі сауда орындары, әуежай мен теміржол вокзалы аумақтарында шыны, пластик және қағаз қалдықтарын сұрыптап жинау үшін арнайы экобокстар қарастырылған.

Қызылорда қаласындағы 83 ескі көп қабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панельдермен жаңартылды, бұл жұмыстар 58 тұрғын үйге 2 млрд 893 млн теңгеге бюджет есебінен, 27 тұрғын үйге демеушілік есебінен жасалды. Биыл 900 млн теңгеге қосымша 21 тұрғын үйдің қасбеттерін қаптау жоспарланған.

Халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім беру, ағарту шаралары «Жасыл балабақша»,«Жас эколог»,«Жасыл мектеп», «Табиғат сақшылары» жобалары аясында жүзеге асырылып келеді.

 

Таңбалар: акцияҚызылорда облысыТаза Қазақстан

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері
Аймақ

Сарыарқа төрінде – Сыр бойының азық-түлік өнімдері мен жеміс-жидектері

15.09.2026
Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері
Дәулет

Астана аумағында – Қызылорда облысының ауылшаруашылық өнімдері

15.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist