18 Қазан, 08:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр өнерпаздары Люксембургті қазақ мәдениетімен таныстырды

27 Мамыр 2026 22:07
- Әлеумет, Жаңалықтар
Сыр өнерпаздары Люксембургті қазақ мәдениетімен таныстырды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЛЮКСЕМБУРГ. 27 мамыр. Қызылорда облыстық филармониясының өнерпаздары Люксембургте концерт қойып, қазақ өнері мен мәдениетін дәріптеді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Сыр өңірі өнер шеберлерінің Еуропадағы гастрольдік сапары аясында Люксембург Ұлы Герцогтігінде Қызылорда облыстық филармониясының концерті өтті», – делінген хабарламада.

«Shanyraq Fest Luxembourg» мәдени бастамасы шеңберінде ұйымдастырылған кеште қазақ халқының бай музыкалық және фольклорлық мұрасы көрермен назарына ұсынылды.

Мәдени іс-шара Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі елшілігінің, облыс әкімі Мұрат Ергешбаев пен ERG компаниясының  қолдауымен ұйымдастырылды.

Өнер сапары осыдан бірнеше ай бұрын Нұрлыбек Нәлібаевтың бастамасымен жоспарланып, қаражаты шешілген болатын.

Концертке Люксембургтің мемлекеттік мекемелерінің өкілдері, дипломатиялық корпус мүшелері, кәсіпкерлер, мәдениет саласының қызметкерлері, сондай-ақ осы елде тұратын қазақстандықтар мен студент жастар қатысты.

Кеште Қазақстанның Люксембургтегі елшісі Роман Василенко құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет пен өнердің халықтарды жақындастыратын маңызды рухани құндылық екенін атап өтті. Сонымен қатар мұндай бастамалар мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, халықтардың бір-бірінің тарихы мен дәстүрін тереңірек тануына ықпал ететінін жеткізді.

Мәдениет саласының үздігі Әзиза Іздіқұлова режиссерлік еткен концерттік бағдарламада Сыр өңірінің бай музыкалық мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық фольклор, күй өнері мен жыраулық дәстүр көрермен назарына ұсынылды. Өнерпаздар орындауындағы шығармалар арқылы Ұлы даланың рухы мен қазақ халқының мәдени ерекшелігі шетелдік көрерменге кеңінен таныстырылды.

Кеш қорытындысында өнерпаздар «Атамекен» әнін орындап, қазақ мәдени кешінің әсерлі финалына айналдырды.

Таңбалар: концертЛюксембургСыр өнерпаздары

Ұқсас мақалалар

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді
Дәулет

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді

05.09.2026
Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді
Әлеумет

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді

05.09.2026
Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды
Жаңалықтар

Алматыда өтетін Канье Уэстің шоу концерті ертеңге қалдырылды

14.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist