5 Қыркүйек, 12:09
RAST.kz
USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді

5 Қыркүйек 2026 10:52
- Әлеумет, Жаңалықтар
Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мың полицей қызмет көрсетеді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АЛМАТЫ. 5 қыркүйек. Бүгін Алматыдағы Орталық стадионда өтетін испан әншісі Энрике Иглесиастың концерті кезінде 2 мыңға жуық полиция қызметкері кезекшілік атқарады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Концерт 20:00 сағатта басталады.

«Алматыда Энрике Иглесиастың концерті кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі. Орталық стадион мен оған іргелес аумақта 2 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылады», – делінген хабарламада.

Хабарланғандай, тәртіп сақшылары күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті, көрермендердің қауіпсіздігін және ықтимал төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етуге тиіс.

Стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін. Осыған байланысты көрермендерге бағытын алдын ала жоспарлап, ертерек келу ұсынылуда.

Концертке кіру сағат 16:00-ден басталады. Стадион есіктері Абай даңғылы мен Байтұрсынов көшесі қиылысы жағынан ашылады. VIP Standing санатындағы билет иелері үшін кіру Сәтбаев көшесі беткейінен ұйымдастырылады. Кіреберісте тексеру жүргізілетіндіктен, келушілерге ережемен алдын ала танысып, тыйым салынған заттарды өзімен бірге алмау ескертіледі.

Қоғамдық көлік, оның ішінде метро қалыпты режимде жұмыс істейді. Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер үшін әуежай, Орбита, Алматы-1, Райымбек даңғылы – Алатау көшесі және «Алматы Арена» бағыттары бойынша қосымша шаттл қойылады.

«Ұйымдастырушылар мен құқық қорғау органдары көрермендерді қауіпсіздік ережесін сақтауға және полиция қызметкерлері мен бақылаушылардың талабын орындауға шақырады», – делінген мәтбұғат парақшасында.

Таңбалар: АлматыконцертЭнрике Иглесиас

Ұқсас мақалалар

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді
Дәулет

Канье Уэст концерті Алматы экономикасына 5 млрд теңге әкелді

05.09.2026
Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады
Әлеумет

Алматыда құны 5 млн теңгелік омыртқа оталары тегін жасалады

22.08.2026
Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық
Жаңалықтар

Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

21.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

    «Дала күні-2026»: Сыр бойында ақ күрішке орақ түсті

  • «Бернли» фанаттары «Норвичтен» жеңілістен соң Дастанды қорғауға көшті

  • Тілге тірелген түйсіктер тіні

  • Дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар сапасын мемлекеттік орган тексереді

  • Башқұрттың «Ватан» батальонының командирі жауыздығы үшін жаза алған жоқ

  • Университетте Қалқабай Әбенов атындағы журналистік шеберлік зертханасы ашылды

  • Белгілі журналист, ақын Жоламан Бошалақ өмірден өтті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.56 ₸
EUR EUR 530.52 ₸
RUB RUB 5.28 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist