26 Тамыз, 09:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Сыр бойында күріштен рекордтық деңгейде өнім алынып жатыр

16 Қыркүйек 2024 14:18
- Аймақ, Жаңалықтар
Сыр бойында күріштен рекордтық деңгейде өнім алынып жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 16 қыркүйек. Қызылорда облысының күріштік алқаптарында биылғы орақ науқанында дақылдан рекордтық мөлшерде өнім алынып жатқаны белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Аймақтағы ірі шаруашылықтар күріштің әр гектарынан орташа есеппен 90 центнерге жуық өнім алуда», – делінген хабарламада.

Биылғы жылы Жалағаш ауданындағы «Ер-Әлі» шаруа қожалығы 3500 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын сепкен. Шаруашылық диқандары мұның қатарында 1300 гектар жерге күріш егіп, бүгінде оның әр гектарынан орташа есеппен 89 центнерден түсім түсіруде.  Аудандағы егіншілік саласында көп жылдық тәжірибесі бар «Таң ЛТД» ЖШС биыл 3000 гектар жерге егін екті. Оның – 1500 гектары күріш. Қазіргі күндері аталмыш дақылдың гектарынан орташа есеппен 85 центнерден дән жиналуда. Бұдан бөлек, 80 гектарға қант құмайы, 800 гектарға жоңышқа, 150 гектарға түйежоңышқа дақылдары егілген.

Жалпы, облыс бойынша 189 мың гектар алқапқа ауылшаруашылық дақылдары орналастырылған. Оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 85,6 мың гектарды құрайды.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында биылғы жылы диқан қауымға су қажетті мөлшерде жеткізілді. Шаруашылық құрылымдары егілген ауыл шаруашылығы дақылдарына күтіп-баптау жұмыстарын агротехникалық талаптарға сай жүргізді.

Сонымен қатар, егін жинау жұмыстарына қажетті ауыл шаруашылығы техникаларымен, жанар-жағармаймен, минералды тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілді.

Бүгінде егілген 85,6 мың гектар күріштің 27,7 мың гектары орылып, 19,2 мың гектары бастырылды. Тиісінше, егілген әр гектардан орташа есеппен 49,6 центнерден өнім алынуда.

Қазіргі таңда облыста егілген егін жинау жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде.

«Таң ЛТД» ЖШС Қытай компаниясымен бірлесіп, тамшылатып суару әдісімен 3000 гектар жерге жүгері егу жобасын қолға алды. Осы кезге дейін 800 гектарға жүгері дақылы тамшылатып суару әдісімен жүгері дақылы егілді.

Бұдан бөлек, «Ер-Әлі» шаруа қожалығында 6 гектар алапта тамшылатып суару әдісімен алма бағы өсірілуде. Мұнда 5000 түп «Голден Делишес», 5000 түп «Джонатан», 2650 түп «Семиренко ренеті» сорттары күтімге алынған.

Қазіргі күндері облыс шаруашылықтарында егін жинау науқаны қызу жүріп жатыр.

Таңбалар: күрішҚызылорда облысыөнім жинаурекорд

Ұқсас мақалалар

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді
Аймақ

Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев Құрылтай сайлауында дауыс берді

23.08.2026
Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр
Аймақ

Қызылорда облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жүріп жатыр

07.08.2026
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті
Жаңалықтар

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті

05.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist