25 Тамыз, 19:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Соңғы кездері Путиннің әлденеден қатты секем алып жүргені байқалады

11 Наурыз 2026 18:37
- Жаңалықтар, Қайнар
Украина дрондары Путиннің резиденциясына шабуыл жасады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 11 наурыз. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Путин «маңызды бір нәрседен» қорқады, сол себепті Валдайға баруды қойып, Мәскеуде интернетті бұғаттаған. Бұл туралы Dialog.ua ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Ресей диктаторы Владимир Путин биылғы жылдың басынан бері Қорғаныс министрлігінің басқару пункттеріне соғуды тежеп қана қоя салмай, сонымен бірге Валдайдағы резиденциясына баруды да кілт тоқтатты.

«Соңғы айларда Ресей диктаторы Владимир Путин «маңызды бір нәрседен» сескеніп, маңайындағы қауіпсіздік шараларын айтарлықтай күшейтті. Ресейдің арнайы қызметтері бұл мақсатта ақпараттар ағынын көбірек пайдаланатын болды» деп санайды «ВЧК-ОГПУ» ресурсы.

Оның хабарында Путиннің өткен жылы өзі жиі болып тұрған Қорғаныс министрлігінің басқару пунктіне биыл әлі бірде-бір рет бармағаны атап өтілген. Мұның бірнеше себебі бар. Біріншіден, армияның майданда табысқа жете алмай келе жатқаны мен бейбітшілік жөніндегі келіссөздердің тоқтап қалуы салдарынан диктатор соғыс тақырыбына қызығушылығын жоғалтып алған. Екіншіден, Кремль қожайы бір нәрседен қатты секем алып, бойын үрейге алдырып жүр.

«Бұл енді тек қастандық теориясы ғана емес. Кремль шынымен де белгілі бір оқиғалардан кәдімгідей қорқады. Бұлар және Украинадағы жағдайға емес, Ресейдегі ішкі процестермен байланысты туындап отырған сыңайлы. Биліктің ұшар басындағылар төңкерістен, қастандықтан, бүліктен немесе осыған ұқсас басқа әрекеттерден аяқтарын тарта ма, білмеймін, бірақ шынымен маңызды бір нәрседен қорқатындары аңғарылады», – деп жазды ЧЕК-ОГПУ.

Таблоид сондай-ақ Путин мен оның бүкіл отбасы мүшелері Валдайдағы резиденциясына келуді тоқтатқандарын атап өтті. Олар жақында қайта салынып, «барлық мүмкін болған қауіпсіздік пен баспанасы бар нағыз бекініске айналдырылған» Краснодар өлкесіндегі сарайында болуды жөн көреді.

Ресурс сондай-ақ Мәскеудің орталығында интернеттің өшіріліп тасталғанына назар аударды. Міне, 5 күннен бері арнайы қызмет байланысты басып қойған.

«ВЧК-ОГПУ» Путиннің Қорғаныс министрлігінің басқару пункттеріне шынымен барғанына күмән келтіреді. Ол өткен жылдың 18 қарашасында Мәскеудегі «Россия» орталығында бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары енгізілгенін атап өтті. Қарулы қауіпсіздік күштері нысанды таңғы сағат 4-тен бастап күштік құрылымдардың тығыз шеңберімен қоршап алды, ал онда дронға қарсы қаруы бар сарбаздар байқалды. Алайда диктатордың сапары туралы ешқандай ақпарат жарияланбады. Оның орнына, екі күннен кейін ресми үгіт-насихат Кремль көсемінің Батыс тобының басқару пунктіне келгенін көрсететін бейнежазбаны эфирге шығарды.

«Бұл кадрлар 18 қарашада Мәскеудегі «Россия» орталығында түсірілгенге қатты ұқсайды», деп жазды ресейлік басылым.

Таңбалар: Владимир Путинқамалқауіп

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist