26 Тамыз, 21:08
RAST.kz
USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

«Солтүстік Қазақстан – Қызылжар, Петропавл – Абылай хан аталуы керек»

18 Шілде 2023 12:46
- Жаңалықтар, Қоғам
«Солтүстік Қазақстан – Қызылжар, Петропавл – Абылай хан аталуы керек»
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

АСТАНА. 18 шілде. Белгілі ғалым, жазушы, журналист, Ұлттық ғылым академиясының академигі, мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед Солтүстік Қазақстан облысына – Қызылжар, ал Петропавл қаласына Абылай хан аттарын беруді ұсынып отыр. Бұл туралы Halyq uni.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Автор өзінің бұл кесек ойларын «Егемен Қазақстан» газетінің кешегі нөмірінде жарық көрген «Атадан қалған аманат» деп аталатын көлемді мақаласында айтып өткен. Сөз басын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда ономастика саласын тәртіпке келтіру туралы ұсынысынан бастаған ол әуелі «Алматы» деген атаудың этимологиялық, топонимикалық мағынасын ашып, оған семантикалық, грамматикалық тұрғыдан кеңінен талдау жасап шығады. Содан кейін Кеңес Одағы тұсында орыс тілінде түпнұсқадан бұрмаланып, мағыналары өзгертіліп аталып кеткен облыс орталықтарының атауын мемлекеттік тілге ауыстыру турасында өзінің ұсыныстарын білдіреді. Бұған қоса, заман ағымына сай енді Солтүстік Қазақстанды – Қызылжар облысы, Петропавлды – Абылай хан деп атаудың кезі келгенін де қадап айтып өтеді.

«Ресей екі патшасын бірдей құрметтегенде, бізге неге Кенесары мен Абылайдай қос ханымызды қатарынан ұлықтамасқа?!», – деген сауал тастайды мемлекетшіл қайраткер осы ретте.

Қызылжар – қала ғана емес, Ұлытау, Атырау, Жетісу сияқты топонимикада хороним деп аталатын тұтас өңірдің атауы. Егер сәтімен облыс атын осылай өзгертсек, халықтың талай ән-жырына арқау болған Қызылжардай әдемі атауды қалпына келтіріп, Абылай хандай аруақты ердің рухы алдындағы талай буынының перзенттік парызын орындар едік.

Дәл осы қалада отарлық заманның өзінде-ақ ордасын тіккен, айбыны асқан Абылай хан мұндай құрметке әбден лайық. Бұл – халқымыздың екі жарым ғасыр бойы күткен аманат-арманы.

Сонымен қатар, Мұхтар Құл-Мұхаммед бұлы мәселеге «әлі де болса сақтықпен қарайық» дейтіндердің табылып қалатынын жоққа шығармайды. Алайда іргедегі Ресей 1991 жылдың өзінде-ақ революция бесігі саналып, ешқашан өзгерместей көрінетін Ленинградты – Санкт-Петербург, ал Свердловскіні Екатеринбург деп атап, екі патшасын бірдей қадір тұтып жатқанда, бізге неге Кенесары мен Абылай секілді қос ханымызды қатарынан ұлықтауға болмайды?! «Әлде Ғафу ақын айтқандай: «Басқаның патшасының бәрі жақсы, Неліктен біздің хандар жаман болған» деп жүре бермекпіз бе?», – дейді ол.

«Кенесарымен қатар оның даңқты бабасы – Абылай ханды асқақтатуды халқымыз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан «тарихи сана-сезімнің жаңғыруы», «Қазақстанның жаңа дәуірінің берекелі бастауы», ел аңсаған әділеттің салтанат құруы деп қабылдайтынына кәміл сенеміз», деп жазады мақала соңында Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Рүстем ЖҰМАН

Таңбалар: ҚызылжарМұхтар Құл-МұхаммедПетропавлСолтүстік Қазақстан облысы

Ұқсас мақалалар

АЛАШ ПЕН ЖАПОН АРАСЫ
Таным

АЛАШ ПЕН ЖАПОН АРАСЫ

29.05.2026
Алматыда «Менің ағаларым» кітабының таныстырылымы болды
Жаңалықтар

Алматыда «Менің ағаларым» кітабының таныстырылымы болды

24.11.2025
Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед Сыр бойында болды
Жаңалықтар

Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Құл-Мұхаммед Сыр бойында болды

12.11.2025
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Қалп хабар таратып, полицейлерді қараламақ болған қызылордалық қыз жаза алды

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.87 ₸
EUR EUR 535.09 ₸
RUB RUB 5.42 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist