МӘСКЕУ. 4 мамыр. Ресей билігі Путиннің қанды көйлек досы Шойгудың қатысуымен мемлекеттік төңкерістің орын алып қалуы мүмкін деген үрейге бой алдырып отыр. Бұл туралы The Moscow Times ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Еуропа елдерінің барлау қызметтері осындай мәліметтердің алынғанын жасырмады.
«Владимир Путинге қарсы әскери төңкеріс немесе қастандық туралы алаңдаушылық күшейе түсті», – деп нақтылай тәкпір етті CNN телеарнасы Еуропа елдері бірінің барлау қызметі есебіне сілтеме жасап.
Барлау мәліметтеріне сәйкес, Кремль бұл төңкерісті ұйымдастырушы Путиннің бұрын Қорғаныс министрі болған ең жақын шенеуніктерінің бірі Сергей (Сэргек) Шойгу болуы мүмкін екенінен қорқады. Ал Шойгу қазір Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып қызмет атқарады. Осыған орай оның армиядағы жоғарғы қолбасшылыққа айтарлықтай ықпалы барлығы айтылып отыр.
Шойгу Қорғаныс министр қызметінен кеткеннен кейін ведомствода «тазарту» толқыны жүріп өтті, сол дүрбелеңде бұрынғы министрге жақын шенеуніктер қылмыстық қудалау мен мүлкін тәркілеуге ұшырады. Атап айтқанда, 5 наурызда Қорғаныс министрінің бұрынғы бірінші орынбасары Руслан Цаликов қамауға алынды. Еуропа барлауының мәліметінше, бұл «элита ішіндегі жасырын қорғаныс келісімдерін бұзу» болды, Шойгудың позициясын әлсіретті және оның өзі қылмыстық тергеу нысанына айналуы мүмкін.
Цаликов қылмыстық қоғамдастық құру және армияға тиесілі 6,6 миллиард рубль ұрлау, содан кейін ақшаны жылыстату істері бойынша үйқамаққа алынды. Сондай-ақ, оған министрлік мердігерлерінен «патронат» үшін пара алғаны деген де айып тағылды. Сөз 50 миллион рубль көлеміндегі пара мен 2,3 миллион доллар тұратын мотоцикл туралы болып отыр. Бас прокуратура Цаликов пен оның туыстарынан 7 миллиард рубльдік мүлікті тәркілеу туралы талап-арыз берді.
Баяндамада 2025 жылдың желтоқсанында Украинаның барлау агенттіктері генерал Фанил Сарваровты өлтіргеннен кейінгі күш блогында орын алған қақтығыс сипатталған. Ол Ресей Федерациясы Қарулы күштері бас штабы жедел даярлау басқармасының бастығы болды. Кремльдегі кездесуде бас штаб бастығы Валерий Герасимов ФСБ басшысы Александр Бортниковты әскерилерді қорғай алмағаны үшін қатты сынға алды. Бортников жауап ретінде ресурстар мен адамдардың жетіспеушілігіне сілтеме жасады. Осы кездесуден кейін Путин нақты шешімдерді ұсынуды тапсырды, федералды күзет қызметінің өкілеттіктерін кеңейтті және күшейтілген қорғанысты тағы он жоғары лауазымды генералға кеңейтті.
Осыған сәйкес, Путиннің жеке басын қорғау шаралары да күшейтілді. Путинге жақын шеңбердегі қызметкерлердің үйлеріне қосымша бақылау жүйелері орнатылды. Президент резиденциясы қызметкерлеріне (аспаздар, күзетшілер және фотографтар) қоғамдық көлікті пайдалануға және интернетке қосылған телефондарды пайдалануға тыйым салынды. Ресей президентіне келушілер қазір екі рет тексеруден өтіп тұрады.
Путиннің күзетшілері президент үнемі баратын орындар санын күрт қысқартты. Еуропа барлау мәліметтері бойынша, ол және оның отбасы мүшелері Мәскеу облысы мен Валдайдағы резиденцияларға баруды тоқтатқан. 2026 жылы Путин бірде-бір әскери нысанға бармаған. Ол Украинада соғыс басталғаннан кейін уақытын ұдайы жақсы қорғалған бункерлерде өткізіп келеді.
USD




