26 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Шиелі ауданының «Бестам» ауылында клуб пайдалануға берілді

19 Қараша 2025 21:46
- Аймақ, Жаңалықтар
Шиелі ауданының «Бестам» ауылында клуб пайдалануға берілді
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ШИЕЛІ. 19 қараша. Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Бестам» ауылында 150 орындық клуб үйінің ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Шараға Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы өңірде іске асқан игіліктерге тоқталып, жиналған жұртшылыққа құттықтауын жеткізді.

«Президентіміздің Сыр өңірінің даму қарқынына, атқарған жұмысымызға берген оң бағасы бәріміз үшін зор мәртебе. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына кіріскеннен кейінгі ең алғашқы қол қойған Жарлығы «Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы» болды», – деді облыс әкімі.

Ауылдарды дамыту – мемлекеттік саясаттың маңызды стратегиялық мақсаттарының бірі. Президент Үкімет пен облыс әкімдеріне мемлекет тарапынан жасалған барлық қолдауды тиімді, мақсатты пайдаланып, ауыл халқының табысын арттыру, экономикасын жоғары көрсеткіштерге жеткізу міндетін қойды. Бүгінде облыстың 447 мың тұрғыны (халық саны 845 мың адам), яғни 53 пайызы ауылда тұрады.

Осы жылы Шиелі ауданының бюджеті 17 млрд теңгеден асты. Энергетика, ауыз су, газдандыру салаларында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Шиелі электр жүйесінің қосалқы станциясы 4 млрд 480 млн теңгеге толық жаңғыртылды.

«Осындай байыпты бастамалардың жалғасы ретінде бүгін «Бестам» ауылындағы 429 млн теңгеге салынған 150 орындық жаңа клубты ел игілігіне беруге жиналдық. Ауылдық клуб мәдени жаңғырудың орталығына айналсын! Қуаныштарыңыз құтты болсын!», – деді Нұрлыбек Нәлібаев бұдан әрі.

Шиеліде жеке инвесторлар есебінен 6 млрд теңгеге қуаттылығы 20 МВт, құны 1 млрд 500 млн теңге болатын күн-электр станциялары салынуда. Аудан халқы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіліп,16 елді мекен табиғи газға қосылған. Жұқпалы аурулар бөлімшесінің жаңа ғимараты, аудандық аурухана жанынан қосымша ғимарат пайдалануға берілді. Онда жаңа МРТ аппараты орнатылуда. Заманауи талаптарға сай жабдықталған бұл нысандар тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.

Биылғы оқу жылында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» ашылды. Жыл соңына дейін кезектілік реті бойынша тұрғындарға 52 пәтерлік 26 жаңа тұрғын үй тапсырылды.

Ал бүгінгі жаңа клубтың бас мердігері – «Дәнекер» ЖШС. Жаңа ғимартта ән, хор, би, қолөнер үйірмелері болады және кітапхана орналасады. Бұл жер ауыл жастарының басын қосатын, өнерге баулитын руханият бесігіне айналмақ.

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагерлер мен жаңа нысанды салған құрылысшылар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Соңынан еңбек ардагері Әшім Оразбекұлы жаңа бастамаға батасын берді.

Таңбалар: Бестам ауылыклубШиелі ауданы

Ұқсас мақалалар

Шиелі ауданында Ыбырай Жақаев әулетінің келіндері бірге дауыс берді
Аймақ

Шиелі ауданында Ыбырай Жақаев әулетінің келіндері бірге дауыс берді

23.08.2026
Бастауыш сынып шәкірттерінің бағбаны
Жаңалықтар

Бастауыш сынып шәкірттерінің бағбаны

02.02.2026
Жанбибінің жарқын жетістіктері
Жаңалықтар

Жанбибінің жарқын жетістіктері

20.01.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 458.48 ₸
EUR EUR 534.68 ₸
RUB RUB 5.43 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist