25 Тамыз, 13:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

РФ «қызыл сызықтың» құнын кетірді, АҚШ Путиннен қорқуды қойды

2 Маусым 2023 12:22
- Жаңалықтар, Жаһан
РФ «қызыл сызықтың» құнын кетірді, АҚШ Путиннен қорқуды қойды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ВАШИНГТОН. 2 маусым. Ресей «қызық сызықтың» құнын түсіріп алды, АҚШ Путиннің қоқан-лоққысына ешбір пысқырмайтын да болды. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Украинадағы соғыс басталғалы бергі бір жарым жылдың ішінде Кремль Батысқа қарап азу тісін ақситып, қаншама рет «жүнін қампайтып» бақты. Мәскеу Батыстың өзіне жақпайтын әрбір әрекеті сайын «соған сай келетін» соққы беретінін немесе шара қолданатынын мәлімдеп отырды. РФ президенті Владимир Путин мен оның қауіпсіздік кеңесіндегі орынбасары Дмитрий Медведев «қызыл сызықтан аттап кеткендері үшін» бірнеше рет Украина мен оның одақтастарын жазаламақшы да болды, бұл екеуі ядролық қарумен соққы жасайтындарын айтып, сан мәрте қоқаңдап көрді, мұнда тағы: «бұл – жай сандырақ емес» деп ескертіп қоюды да ұмытпады.

Бірақ мұндай шабалаңнан кейін де АҚШ тарапынан айылды жиып алу ишараты жасалмады, Пентагон керісінше Украинаны қаруландыруды одан әрі қарқынды жалғастырып, әскери қатынастағы қарапайым заттар саналатын Javelin (танкіге қарсы) мен Stinger (әуе шабуылына қарсы) ракета кешендерінен бастап, M1 Abrams танкісі мен F-16 истребителінің төртінші буынына дейін беруге құмбыл кірісті. Бұлар ақшаға шаққанда, $50 млрд шамасында болады.

«Вашингтонның барған сайын Путиннің қоқан-лоққысын елемеушілігін күшейте түсуінің басты себебі – ол айтқан нәрселерінің бірде-бірін іс жүзінде орындай алған жоқ», – деп түсіндіреді The Washington Post газеті америкалық азаматтық және әскери шенеуніктер пікірлеріне сүйеніп.

Шынында да Ресей басшыларының барлық мәлімдемелері сандырақ болып шықты, бұл АҚШ пен Еуропа елдері лидерлерінің бұрын бастаған әлеуетті әрекеттерін қаннен-қаперсіз жалғастыра беруге деген сенімдерін арттыра түсті.

Таңбалар: АмерикаВладимир Путинқоқан-лоққысоққы

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды
Дәулет

Путин бюджетті соғысты жалғастыру ыңғайында дайындауды тапсырды

28.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist