25 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей Волгоградты қайтадан Сталинград деп атамақшы болып жатыр

6 Желтоқсан 2022 22:33
- Жаңалықтар, Таным
Ресей Волгоградты қайтадан Сталинград деп атамақшы болып жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 6 желтоқсан. Волгоград облысының билігі Волгоград қаласының атын қайтадан Сталинградқа айналдыру жолындағы дайындықты бастап кетті. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Волгоградтық шенеуніктер бұл үшін облыс тұрғындарының өңір орталығының бұрынғы атауын қайтаруға қатысты пікірлерін зерттеу жөнінде қоғамдық кеңес құрыпты. Оны облыс губернаторы Андрей Бочаров «Коммерсантъ» газетінің тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

«Қоғамдық кеңестің міндеті – оңай емес және өте жауапты. Волгоград облысы тұрғындарының қоғамдық пікірлеріне алдын ала сапалы, жан-жақты зерттеу жүргізілуі қажет», – деді Бочаров кеңестің бірінші отырысында.

Оның айтуынша, осы жұмыстың қорытындысына сәйкес шешім қабылданатын болады.

Алайда, тағы бір мәнбелер бойынша, Бочаровтың бұл бастамасы Волгоград тұрғындары арасында үлкен алаңдаушылық туғызған. Олар қаланың кеңес диктаторы, мемлекеттік жендет Иосиф Сталиннің есіміне байланысты атауының қайта оралуына қарсы. Ал жергілікті биліктің қаланы «Сталинград» деп атауға құштар болғаны сондай, қараша айында қалалық дума шаһарға кіреберістегі «Волгоград» деген нұсқаулық жазуды жылына бір рет 9 күн «Сталинград» деп ауыстырып тұруға шешім қабылдап қойды. Мұны олар қаланың «ежелгі, ерлікке толы» атауын қайтарудың қажеттілігімен түсіндірді.

Бірақ биліктегілердің бірде-бірі бұл қаланың ежелгі шын аты «Царицын» екенін ауыздарына да алған жоқ.

Ежелгі Царицын қаласы 1555 жылы осы жерде іргесін қалаған. Ол кезде бұл маңда тірі славян болған жоқ. Ал «орыс» деген ұлт атауы XVIII ғасырда Петр Біріншінің тықпалап таңуымен пайда болды. Шаһарды тұрғызған түркі-қыпшақтар оны «Сарысу» деп атады. Себебі, ол Еділге құятын Сарысу өзенінің жағасына қоныс тепкен еді. Кейін Ресей империясы құрылған кезде орыстар оны өздеріне лайықтап, «Царицын» деп өзгертіп алды.

1925 жылы Царицын қанқұйлы коммунистердің көсемі Сталиннің құрметіне «Сталинград» болып аталды. Бұған Иосиф Джугашвилидің бұл қалаға комиссар лауазымында бірнеше рет аялдап, 1918 жылы Еділ өзені үстіндегі баржада көп адамды атқызғаны да бір себепкерлік етсе керек. 1961 жылы Хрущев қаланы «Волгоград» деп атауға пәрмен берді.

Таңбалар: Андрей БочаровВолгоградСталинград

Ұқсас мақалалар

Украина Ресейдің «Искандер», «Тополь» зауытын «Фламинго» зымыранымен атқылады
Жаңалықтар

Украина Ресейдің «Искандер», «Тополь» зауытын «Фламинго» зымыранымен атқылады

28.06.2026
Путин Волгоградтағы әуежайды «Сталинград» деп атауды ұйғарды
Әлеумет

Путин Волгоградтағы әуежайды «Сталинград» деп атауды ұйғарды

30.04.2025
Путиннің келуі құрметіне Волгоградтың аты шұғыл өзгертілгелі жатыр
Әлеумет

Путиннің келуі құрметіне Волгоградтың аты шұғыл өзгертілгелі жатыр

31.01.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist