17 Қазан, 20:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Ресей билігі көп жылдық мобилизацияға дайындалып жатыр

25 Желтоқсан 2022 12:41
- Жаңалықтар, Жаһан
Ресей билігі көп жылдық мобилизацияға дайындалып жатыр
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 25 желтоқсан. Ресей қорғаныс министрлігі көп жылға созылатын мобилизация жүргізу үшін тұрғындар мәліметтерінің бірыңғай тіркеліміне кіруге қол жеткізетін болды. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.

«Ресей билігі армия қатарын тағы 350 мың адамға көбейту жоспарының аясында әскери міндеттілерді іздеу мен қадағалау жөніндегі әскери мүмкіндіктерді түбегейлі кеңейтпекші», – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі алдағы жылғы 1 қаңтардан тұрғындар мәліметтерінің бірыңғай тіркеліміне кіруге қол жеткізбекші, бұған үкіметтің 23 желтоқсанда жарияланған қаулысы жол ашып беріп отыр.

2020 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан тіркелімге салық есебінің, Зейнетақы қорының, МӘМС қорының және еңбекпен қамтудың деректері жинақталған ақпарат (аты-жөні, туған уақыты және құжатының идентификаторы) базасынан бөлек, енді ішкі істер министрлігі, федералды салық қызметі мен еңбек министрлігі кіреді.

Бұларға сондай-ақ әскер жасындағы азаматтардың паспорттық мәліметтерінен басқа, білімі мен мамандығы жайындағы деректер де қосылып жатыр. Тіпті АХАЖ-дағы барлық мағлұматтары да осында болады.

Әскери комиссариаттар мұндай қолжетімділікке КСРО кезінде, 1941 жылғы мобилизация тұсында бірінші рет жеткен екен. Одан кейінгі кезек енді келіп тұр.

«Бұл жоспарлардың бәрі Ресей билігінің ұзақ мерзімге созылатын соғысқа қатысты жаңа мобилизациялар толқынын жасауға ұмтылып отырғанын көрсетеді», – деді «Гражданин. Армия. Право» құқық қорғау ұйымының директоры Сергей Кривенко.

Ресейдегі бірінші мобилизациядан кейін армия қатары 1,1 млн адамнан 1,15 млн-ға дейін жетті. Шын мәніне келгенде, РФ қарулы күштері сапында қазіргі таңда 900 мың әскери қызметкер бар. Бұған қоса, Украинамен соғыста 100 мың жауынгер опат болып үлгерді. Жараланып саптан шығып қалғандар да аз емес. Сондықтан Путин бір жағы осы олқылықтың орнын толтыруды да көздеп отыр. «Сол үшін де қорғаныс министрлігінің тағы 300 мыңға жуық адамды әскерге шақыруына тура келеді», – деді Кривенко.

Таңбалар: армиямобилизацияРесей

Ұқсас мақалалар

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады
Әлеумет

Билік ресейліктердің «ақылды үйлеріндегі» гаджеттерді бақылауға алады

06.10.2026
НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр
Жаңалықтар

НАТО Ресейдің ықтимал соғысында жеңудің жоспарын жасап жатыр

06.10.2026
ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр
Әлеумет

ДДҰ Ресейден обаға байланысты жаңа ақпарат пен түсініктеме күтіп отыр

06.10.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist