МӘСКЕУ. 30 сәуір. Ресейдің Краснодар өлкесінің Қара теңіз жағалауындағы Туапсе қаласының инфрақұрылымдарына бірінен кейін бірі берілген соққылар бұл аймақты нағыз экологиялық апат алқабына айналдырып отыр. Енді тап осындай апатты ахуалға Ресейдің Пермь қаласы да ұшырауы мүмкін. Мұнда да украин дрондары шабуыл жасап, мұнай айдаушы станцияның күлін көкке ұшырды.
Осы күндерде Ресей тарапы да украин жеріне ұшқышсыз ұшақтармен соққы беруді өзінің шырқау шыңына шығарып жіберді. Кремль соңғы бірнеше күннен бері күніне кемі 170-тен астам дрондарды осы іске тартып келеді. Адам шығындары да баршылық. Қазір екі жақ та аянып қалып отырған жоқ.
Осы күндері Украина Қарулы күштері дрондарын Орал тауларының баурайына дейін жеткізіп, соңынан Омбы қаласының аумағында да өрт жалынын лаулата түсті.
Соғыс жаңа кезеңге басып келе жатыр.
Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
USD




