АЛМАТЫ. 8 қазан. Алматы соты Ресей жағында Украинаға қарсы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматын бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Алматының Алмалы аудандық соты «Вагнер ЖӘК» құрамында Украинадағы соғысқа қатысқан Қазақстан азаматы Тимур Пірәиевке қатысты үкім шығарды. Ол шетелдік қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін кінәлі деп танылып, Қазақстан Қылмыстық кодексінің 172-бабы бойынша ең төменгі жаза ретінде бес жылға бас бостандығынан айырылды. Сот Пірәлиевтің 2022 жылдың күзінде Ресейдің жеке әскери компаниясына шақырылғанын және 2022 жылдың қарашасынан 2024 жылдың қазан айына дейін Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысқанын анықтады.
Тергеушілердің айтуынша, Тимур байланыс маманы қызметін атқарған, Бахмутқа шабуылға қатысқан және бірнеше марапатпен, соның ішінде «Ерлігі үшін» орденімен марапатталған. 2023 жылы жалдамалы азамат Қазақстан азаматтығын сақтай отырып, Ресей паспортына да қол жеткізген. Ол Украинадағы соғыстан бөлек, Малиде біраз уақыт болып, «Вагнердің» құрамында соғысқан.
Тимур Пірәлиев Ресей әскериі құрылымы құрамында осы кезге дейін атқарған бүкіл қызметі үшін 4 160 000 рубль алған. ЖӘК қатарынан шығарылғаннан кейін ол АҚШ-Мексика шекарасын заңсыз кесіп өтпек болғанға дейін Минск мен Уфада емделеді. 2025 жылы 4 қаңтарда Пралиев АҚШ-қа заңсыз кірмек болған кезде Техас штатында ұсталды. Оның жанынан Қазақстан және Ресей төлқұжаттары, 4 мың доллар, 60 мың Мексика песосы және дрон табылған. АҚШ соты оны 15 тәулікке иммиграциялық қамауға алып, кейін Қазақстанға депортациялау туралы үкім шығарды.
Алматыда өткен сот отырысында Пірәлиев қазір ауыратынын, сырқаты ауыр екенін айтып, шартты түрде соттауды сұрады. Ал адвокаттары оның Ресей азаматтығына сілтеме жасай отырып, Қазақстанның юрисдикциясына қарсы шығуға әрекеттенді, бірақ сот бұл дәлелдерді жоққа шығарды, өйткені оны жұмысқа қабылдау кезінде Пірәлиевте тек Қазақстан төлқұжаты болған.
Бір айта кететіні, бұл бір ғана Пірәлиевтің басынан өтіп жатқан оқиға емес. Биылғы қаңтар айында Өзбекстанның Әндіжан қалалық соты 39 жастағы азаматты Ресей тарапында соғыс қимылдарына қатысқаны үшін 4 жыл, 2 айға бас бостандығын шектеуге үкім шығарды. Ал 2024 жылы Өзбекстанда кем дегенде үш адам осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталып, шартты түрдегі бес жылдан нақты колонияда отыратын үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
USD




