11 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 466.08 ₸
EUR EUR 538.56 ₸
RUB RUB 5.65 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «Жомарт жүрек» сыйлығы иелерін тапты

31 Қазан 2020 21:56
- Аймақ, Жаңалықтар
Қызылордада «Жомарт жүрек» сыйлығы иелерін тапты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 31 қазан. Кеше Қызылорда облыстық «Жомарт жүрек» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.

Рәсімді Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы ұйымдастырды.

Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет, «Рухани жаңғыру» орталығының қызметкерлері мен марапат иелері және БАҚ өкілдері қатысты.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасынан бастау алған «Жомарт жүрек» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсімі елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Биылғы лауреаттарды марапаттау рәсімі қиын-қыстау уақытта халыққа қызметте алдыңғы лекке табан тіреген шын жомарттарды марапаттауымен ерекшеленді.

«Жомарт жүрек» сыйлығымен марапаттау рәсімі қоғамдағы әлеуметтік маңызды істерге белсенді азаматтарды тарту, туған өлкенің дамуына өз үлесін қосатын бастамашыл, іскер жандарды халық арасында дәріптеу мақсатын көздейді. Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, коммуналдық шаруашылық және басқа да салалардағы әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруды жандандыруға бағыт ұстайды.

Биыл сыйлық лауреаттығы сайысына аудандық, қалалық кезеңде үздік деп танылған 38 үміткер қатысты. Олардың арасынан жеңімпаздарды анықтайтын облыстық комиссияның шешімімен 5 аталым иегерлері анықталды.

Қоғам белсенділері мен әртүрлі сала өкілдерінен құралған облыстық комиссия шешімімен аталмыш марапаттың «Жыл меценаты» номинациясымен «Жаңажол» ЖШС директоры Төлепов Орынбасар, «Туған өлке» номинациясымен «Сәт-Сервис» ЖШС директоры, белгілі құрылысшы Иманова Роза Сәдібекқызы, «Жыл тұлғасы» номинациясымен жеке кәсіпкер, «Мейірім» қайырымдылық клубының, «Дәстүр» қолөнершілер одағының төрайымы, Қызылорда іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Асанова Мархаббат Маратқызы  «Ерен еріктілік» номинациясымен қоғам белсендісі, Сыр волонтеры Эшатова Динара Мамадиярқызы, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясымен «Ел-Арай» қоғамдық қоры марапатталды.

Марапат иелеріне облыс әкімінің алғыс хаттары мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Таңбалар: Жомарт жүреклауреат

Ұқсас мақалалар

МӘРТЕБЕЛІ МАЭСТРО
Жаңалықтар

МӘРТЕБЕЛІ МАЭСТРО

22.07.2026
Қазақстан Журналистер одағы өзінің 2026 жылғы лауреаттары аты-жөндерін атады
Әлеумет

Қазақстан Журналистер одағы өзінің 2026 жылғы лауреаттары аты-жөндерін атады

25.06.2026
Қызылордалық әнші «Славян базарында» үшінші белеске көтерілді
Жаңалықтар

Қызылордалық әнші «Славян базарында» үшінші белеске көтерілді

17.07.2023
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

    Кабинеттен кеңістікке шыққан үлгілі Үкімет

  • Медицинада кездейсоқ адамдарға орын болмауға тиіс

  • Қазақстандық белгілі кинорежиссер Ардақ Әмірқұлов өмірден өтті

  • Англияда Хаби Алонсоның Дастан Сәтбаев жөніндегі көзқарасы білдірілді

  • Қазалыда «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты мәжіліс мәселе талқылады

  • Нұрлыбек Нәлібаев Ақтөбе теміржол вокзалында жүріп жатқан жұмыстармен танысты

  • «Бекарыс-Агрофуд» ЖШС асыл тұқымды мал өсірумен айналысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 466.08 ₸
EUR EUR 538.56 ₸
RUB RUB 5.65 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist