22 Тамыз, 00:08
RAST.kz
USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

МӘРТЕБЕЛІ МАЭСТРО

22 Шілде 2026 09:30
- Жаңалықтар, Таным
МӘРТЕБЕЛІ МАЭСТРО
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

Танымал өнер тарланы Кенжеғали Мыржықбай өңін өзгертпей, сағын сындырмай, қабілетін қайтармай, қадірін кетірмей, сынын бұзбай, талантын тоқыратпай, абыройын арзандатпай, бітімін білдірмей, бүтінін бүлдірмей, жүйрік аттай желіп отырып жетпіске келді! Шындығында оны жетпіске қимайсың. Қилы ширақ. Найзадай тіп-тік. Жүрісі «жылдам ұшқан бұлдырықтай». Сөзі салиқалы. Ойы орнықты. Өнері өрісті. Даусында кінәрат жоқ. Ән салса, алты қырдың асына дейін естіледі. Табиғи даусымен әуелетеді. Фонограмма дегеніңе пысқырып та қарамайды. Әлі күнге дейін солай. Осыдан соң жетпісті жасамыстың жасы еді деп қалай айтасың?!

Абай әндерін шырқап, алты алашты аузына қаратқан айбарлы ағамызды Абайша ардақтасақ:

Жұлқысқанды жүндемей,

Жыртысқанды күндемей,

Жан баласын тілдемей,

Жындансаң да үндемей.

Жарытып тамақ жей алмай,

Жардай болдым дей алмай.

Жүз грамға жоламай,

Жынды суды қаламай.

Жүйкең берік болаттай,

Жүзіңе әжім жолатпай,

Жетпісіңе құр аттай,

Жақсы кепсің, япырмай!

Осының бәрі – өнердің арқасы. Үнемі бабында жүруге тырысады. Артық тамақ ішпейді. Артық салмақ қоспайды. Ол ол ма, кешке қарай ас атаулыға жоламайды. Өзін-өзі шектейді. Бірақ тамақ жемесе де, дастархан жайылған үстелдің шетіне жайғасады. Бұйырған дәмді сыпыртып соғып жатқан жұртпен қалауынша қалжыңдасып, отыра береді. Базбіреулер Кенжеғали Мыржықбай жаратылысынан осындай сыптығырдай адам деп ойлайды. Бойына артық ет жұқпайтындай көреді. Жұққанда қандай. Диетаны әдіре қалдырса болды, балпиып шыға келеді. Ана бір жылы алыс өңірлердің біріне демалысқа барған кезінде тамақты еркіндеу ішіп-жеп көрген болатын. Екі-үш күн өтпей-ақ «Жабағылы жас тоқты, Жардай атан болған жердің» керін келтіре бастады. Содан бірден тыйылды. «Өзгеге көңілім тоярсың, Өлеңді қайтіп қоярсың?», – деп Абай атасы айтпақшы, өнерді қоймау үшін үнемі бабында болу қажеттігін тағы да бір рет түйсінді.

Жаңа астананың алғашқы тұрғынының бірі. Арқа төсіндегі қалаға елдің алдымен көшіп келді. Әдепкі қиындықтың бәрін бастан өткерді. Балтырына дейін батпақ кешті. Жайсыз жатаққа қоныстанды. Қарлы бораннан қаймыққан жұрт ару Алматыға қайта оралып жатты. Кенжеғали Мыржықбай алған бетінен қайтпады. Дихан Қамзабекұлы, Серік Негимов секілді көнтерілі көршілерімен бірге елорданың менталитетін құрақ көрпедей құрап, біртіндеп қалыптастыруға кірісіп кетті. Ақыры Кенжекеңдер дегеніне жетті. Астана ширек ғасырда әсем қалаға айналды. Сондықтан қадірлі кейіпкеріміздің Арқа жеріне табан тірегеннен бергі дәуірдегі өмір жолын мынадай ассонанс үлгісіндегі эпиграммамен әспеттеп көрдік:

Елордаға ерте кеп,

Есіл қонған Кенже-аға,

Ел-жұртына еркелеп,

Есіңді алған Кенже-аға!

 

Елге көңіл бұрғанда,

Ерекше нұр құясың,

Езу тартып тұрғанда,

Елуге әзер қиясың!

Ет қоспайды-ау етіне,

Ешқашан да шыр жұқпай.

Ешкім келмес бетіне,

Еркін ойлы Мыржықбай!

Ол, шынында да, еркін ойлы. Еркін ойлайды. Еркін жүріп-тұрады. Айтамын деген сөзін айтады. Ана бір жылдары Шығыс Қазақстанға барып, бірер жыл жұмыс істеп қайтты. Аймақтың мәдениет саласын басқарды. Жұмысын адал атқарды. Өзге арнаға бұрылмады. Жемқорларға жоламады. Көңілді алаңдатып, санаға салмақ салатын манты мен пантыда шаруасы болмады. Ақыры Астанасына қайтып оралды. Содан бері Еуразия ұлттық университетінде қызмет істейді. Кенжекең осында жүрген соң өнер адамдары бұл оқу орнына ағылып кеп жатады. Солардың басын қосатын қасиетті құтхана – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кенжеғали Мыржықбай басқаратын «Кәусар» клубы. Осы клуб жұмысы аясында маэстроның өзі жүргізетін сұхбатқа қатысатын тарландар мен таланттардың әсерлі әңгімесін тыңдаған жас буын «Кәусардың» кәусар бұлағынан үнемі қанып ішеді. Бұл – Еуразия университетінің берекелі брендке айналған жемісті жобасы.

Жетпістің жотасына жүгіріп шығып, алтын қазық қаққаныңыз құтты болсын, Кенжеке! Өнеріңіз өрлей, талантыңыз төрлей берсін!

Бауыржан ОМАРҰЛЫ

2023

«Шағала» жинағынан

Таңбалар: әншіКенжеғали Мыржықбайлауреат

Ұқсас мақалалар

ҚОҢЫР ҮН
Жаңалықтар

ҚОҢЫР ҮН

21.08.2026
Қазақстан Журналистер одағы өзінің 2026 жылғы лауреаттары аты-жөндерін атады
Әлеумет

Қазақстан Журналистер одағы өзінің 2026 жылғы лауреаттары аты-жөндерін атады

25.06.2026
Қызылордалық әнші «Славян базарында» үшінші белеске көтерілді
Жаңалықтар

Қызылордалық әнші «Славян базарында» үшінші белеске көтерілді

17.07.2023

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Өңеште тұрып қалған қақырықты қалай кетіруге болады?

  • Меркіде қайғылы қазаға ұшыраған Мәдинаның ажалы себебі елді шошытты

  • Сатыбалды ақырын Алматыны қазақша сөйлетуді бастаған сияқты

  • Каньенің концерті үшін қазақ тілінің не кедергісі бар?

  • Белгілі саясаткер Қашаған кенішіне орай Назарбаевтан жауап алуды талап етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 456.88 ₸
EUR EUR 534.64 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist