17 Қазан, 16:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум болды

25 Маусым 2025 19:57
- Дәулет, Жаңалықтар
Қызылордада «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» атты форум болды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 маусым. Бүгін Қызылордадағы «Өнер орталығында» «XXI ғасырдың қаржылық триггерлері» деген тақырыппен республикалық форум өтті. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Форумға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, қала мен аудандар әкімдері, жауапты сала басшылары, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт салаларының мамандары, зиялы қауым, белсенді жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Облыс әкімі қоғамдағы күрделі мәселелерді ортаға салып, алда атқарылатын бірлескен маңызды міндеттерді айқындау мақсатындағы жұмыстарға тоқталды.

«Цифрлық шешімдер жылдам дамыған уақытта азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың, қаржылық сауаттылығын, құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы артты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында: «Біздің қоғамымызда заң мен тәртіп үстемдік құруға тиіс. Бұл – бүкіл қоғамның, әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты ең басты талап. Біз сонда ғана Әділетті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құра аламыз», деп нақты міндеттерді белгілеген болатын. Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақты міндеттер белгіленді. Өңірімізде Мемлекет басшымыздың «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыруда Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, кешенді шараларды қолға алдық. Жаңа бастамаларға әрдайым қолдау көрсетіп келеміз», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Аймақ басшысы баяндағандай, заманауи мүмкіндіктерді өз пайдасына асырған алаяқтар жасаған қылмыстар азаматтардың лайықты өмір сүруіне теріс әсер етуде. Түрлі гаджет мен смартфондағы бағдарламалардың көмегімен жасалатын алаяқтық, кибершабуылдар сызбасы сәт сайын өзгеріп, қадамдары жаңарып барады. Халықтың қаржылық қауіпсіздігі үшін қаржылық пирамидалар, құмар ойындарға тәуелділік, интернет-алаяқтық, дропперлік қылмыстардың алдын алуда уақытылы, тиісті шешімдер қабылдаудың маңыздылығы артты. Бір қарағанда, жеке адамның мәселесі секілді көрінуі мүмкін. Бұл – тұтас қоғамға, әрбір отбасыға, ұрпағымыздың болашағына әсер ететін қауіп-қатер.

«Біз ашықтық қағидатына сәйкес, қала, аудандарда халықтың өзекті мәселелері бойынша құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге қоғамдық қабылдауларды тұрақты өткізіп келеміз. Бұл өз кезегінде тұрғындардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырып, әділетті қоғам құруға оң ықпал етті. Елімізде заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі заң қабылданып, кешенді шараларға жол ашылды. Бұл кеселмен халық, әлеумет болып күресуіміз керек. Лудомания дертіне шалдыққан адаммен психологтар, дін мамандары жұмыс істеп, жеңіл жолмен келген ақша пайда әкелмейтінін, тек адал еңбекпен тапқан табыстың ғана берекесі болатынын ұғындыруымыз қажет», – деді бұдан әрі Нұрлыбек Машбекұлы.

«Бүгінгі форумда ұсынылған тың идеялар мен жаңа бастамалар жүйелі іске ұласып, нақты нәтижелерге бастайды деп сенемін. Форум жұмысына сәттілік тілеймін!», – деді облыс әкімі соңында.

Басқосуда Қызылорда облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Руслан Сатыбалдиев, дінтанушы Нұрлан Асанов, айтыскер ақын Мұхтар Ниязов, Қызылорда облыстықа экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Аслан Кеңес баяндама жасап, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды, қоғам дертіне айналған құмар ойынға әуестіктің қауіпті екенін айтты.

Іс-шарада облыс тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттыру, қаржы пирамидалары мен лудоманияға қарсы күрестің алдын алу бағытында белсенді әрі нәтижелі еңбек еткен азаматтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Таңбалар: қаржыҚызылорда облысыфорум

Ұқсас мақалалар

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті
Әлеумет

Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

15.10.2026
Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті
Әлеумет

Қызылордада «Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтті

07.10.2026
Алматыда Президенттің қатысуымен өткен форум бір минуттік үнсіздікпен басталды
Әлеумет

Алматыда Президенттің қатысуымен өткен форум бір минуттік үнсіздікпен басталды

25.09.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

  • Қазақстандағы автожол саласына реформа жүргізетін жұмыс тобы құрылды

  • ҚАСІРЕТТІ ҚЫРЫҚ КҮН

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist