17 Қазан, 04:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қызылордада Болат Өтемұратов қоры «Ақмешіт-Сырдария» мешітін қайта жаңғыртты

2 Қазан 2026 18:38
- Әлеумет, Жаңалықтар
Қызылордада Болат Өтемұратов қоры «Ақмешіт-Сырдария» мешітін қайта жаңғыртты
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ҚЫЗЫЛОРДА. 2 қазан. Сыр бойындағы бас қалада Болат Өтемұратов қорының қолдауымен «Ақмешіт-Сырдария» мешіті толық жаңартылып шықты. Бұл туралы Болат Өтемұратов қоры баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Болат Өтемұратов қоры Қызылорда облыстық орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады. Мешіт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қарамағындағы республикалық ислам діни бірлестігіне жатады», – делінген хабарламада.

«Ақмешіт-Сырдария» – Қызылорда облысындағы маңызды рухани әрі қоғамдық нысандардың бірі. Мешіт 2 мың адамға арналған, жалпы аумағы 3 158 шаршы метрді құрайды. Қордың қолдауымен мешіттің қасбеті арнайы іріктелген біркелкі ақ түсті күңгірт мәрмәр және қою түсті гранитпен жаңартылды. Күңгірт мәрмәр қоғамдық және діни ғимараттарды әрлеуде халықаралық тәжірибеде кеңінен қолданылады. Сонымен қатар мешіттің ішкі бөлмелері мен инженерлік жүйелері жаңартылып, кіреберіс есіктері мен терезелері ауыстырылды. Намаз залдарына кондиционер жүйелері орнатылды.

«Ақмешіт-Сырдария» мешіті 2008 жылы Болат Жәмитұлы Өтемұратовтың қолдауымен бой көтерді. Содан бері ол Қызылорданың рухани және мәдени-ағартушылық өмірінде өзіндік орны бар. Бүгінде мешітке күн сайын шамамен 1 мың адам келеді. Біз үшін араға жиырма жылға жуық уақыт салып, Болат Өтемұратов қорының мешітке қайта қолдау көрсетуі маңызды. Жүргізілген жұмыстар мешіттің келбетін сақтай отырып, келушілерге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді. Қолдау көрсеткен қорға алғысымызды білдіреміз», – дейді «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев.

Жөндеу жұмыстарына 867 млн теңге жұмсалды. Жұмыстар алты ай бойы мешітті жаппай жүргізілді.

«Бұл – Болат Өтемұратов қорының Қызылорда облысындағы алғашқы жобасы емес. Бұған дейін қор «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа терминалын іске қосты, «Асыл Мирас» аутизм-орталығын ашып, перинаталдық орталықты қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті. Қазір Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Берклидегі Калифорния университетімен бірлесіп, Арал теңізінің құрғап қалған түбінің экожүйесін қалпына келтіру жобасын жүзеге асырып жатырмыз. Мешітті жаңарту – қордың өңірдегі жүйелі жұмысының жалғасы», – дейді Болат Өтемұратов қорының бас директоры Айнұр Кәрібозова.

Болат Өтемұратов қоры 2014 жылдан бері Қазақстанның түрлі өңірлерінде білім беру, денсаулық сақтау, инклюзия, мәдениет, экология және әлеуметтік қолдау бағыттарында жобаларды жүзеге асырып келеді. Олардың қатарында Есік пен Қосшыдағы мектептер, Қосшыдағы комьюнити-орталық және Жезқазғандағы «Шабыт» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы бар.

2014 жылдан бері қордың әлеуметтік жобаларға бағыттаған қаражаты 250 млн доллардан асты.

Таңбалар: Ақмешіт-Сырдария мешітіБолат Өтемұратов қорыҚызылорда

Ұқсас мақалалар

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді
Әлеумет

Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

10.10.2026
Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды
Аймақ

Қызылордада Қала күніне арналған үлкен мерекелік концерт қойылды

09.10.2026
Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді
Аймақ

Қызылордалықтар Қала күнінде қоныс тойын тойлады, оларға 168 пәтер берілді

09.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist