14 Қыркүйек, 04:09
RAST.kz
USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қордай жақта не болып жатыр?

13 Ақпан 2020 15:05
- Жаңалықтар, Қоғам
Қордай жақта не болып жатыр?
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ТАРАЗ. 13 ақпан. Қордай ауданында техногендік төтенше жағдай сақталуда. Құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған zakon.kz хабарлайды.

Орын алған оқиға зардаптарын қалыпқа келтіру, қақтығыс салдарын жою шаралары белсенді жүргізілуде. Қазіргі таңда «Қаракемер», «Масаншы», «Бұлар батыр», «Сортөбе», «Қарасу», «Ауқатты» ауылдарының барлық кіріс-шығыстарына блок-посттар қойылып, көшелерде қоғамдық тәртіпті сақтау жұмыстары жүргізілуде.

Орын алған төтенше жағдай салдарынан 30 тұрғын үй мен 17 коммерциялық нысан және 47 автокөлік өртенген десек, бүгінде алдын-ала жасалған есептеулерге сәйкес, келтірілген залал көлемі анықталуда.

«Масаншы», «Сортөбе», «Бұлар батыр» ауылдарында қақтығыстан зардап шеккен азаматтармен жұмыс жасау мақсатында, арнайы топтар құрылып, мобильді халыққа қызмет көрсету қызметі ұйымдастырылды. Кеше 2 азаматқа жеке куәлік, 320 балаға шекарадан өтуге анықтама, 45 неке туралы куәлік, 6 азаматқа жылжымайтын мүліктерге құжаттар берілді. Бұл жұмыс күнделікті жалғасын табуда.

Көше бойындағы өртенген автокөліктерді, қоқыстарды тазалау жұмыстары толық аяқталды. Оған 30 техника мен 125 адам жұмылдырылды. Бүгінгі таңда барлық әлеуметтік нысандар, яғни, мектептер мен балабақшалар, сауда орындары мен дәріханалар қалыпты жағдайда жұмыс жасауда.

Айта кетейік, аталған ауылдардағы зардап шеккен тұрғындарға Жамбыл ауданы, «Жалпақтөб»е ауылынан Қазақстан Ассамблеясы мүшелерінің ұйымдастыруымен 20 тонна көлемінде гуманитарлық көмек жетсе, Алматы қаласының маслихат қызметшілері «Қызыл ай» қорымен бірлесе 54 бөтелке ауыз су, 124 кг ұн, 60 қорап азық-түлік пен өзге де қажетті заттарды жолдаған.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының «Вынхуа» этномәдени бірлестігінің волонтері Парса Рамазан қаза болған 4 отбасының мүшелеріне 400 мың теңгеден материалдық көмек көрсетіп, азық-түлікпен қамтамасыз еткен.

Таңбалар: блок-постЖамбылкөмекҚордай

Ұқсас мақалалар

Баян Алагөзова: Қолымнан келгенше адамдарға көмектесіп тұрғым келеді
Әлеумет

Баян Алагөзова: Қолымнан келгенше адамдарға көмектесіп тұрғым келеді

12.09.2026
Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды
Жаңалықтар

Германия Украинаға шабуыл жасау үшін қажетті қару-жарақтарды бере бастайды

05.09.2026
Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды
Жаңалықтар

Туск: Польша Киевке әскери көмек көрсету мәселесіне сақтықпен қарайды

04.07.2026
Талқылауға қосылу үшін жүйеге кіріңіз

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

    Ғалым «қыргүйек», «көгөніс», «шегара» сөздері неге өзгертілетінін түсіндірді

  • Қазақстандағы ең ықпалды болып саналатын 25 әйелдің аты-жөндері анықталды

  • Алматыда дәрігерлер жаңа туған нәрестеден екі келілік ісікті алып тастады

  • Қызылордада отбасы күні қарсаңында тағылымды кездесу өтті

  • Тамырдан – туындыға… Сыр елінің өнері – елорда төрінде! (видео)

  • Алматыда «Барлық» базарына дейінгі метро желісінің құрылысы жүріп жатыр

  • Ерлан Қарин: «Орфографиялық сөздік» 13 жылдан кейін қайта жазылады

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 450.91 ₸
EUR EUR 522.69 ₸
RUB RUB 5.33 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist