АСТАНА. 3 қыркүйек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 3 қыркүйек күні Ержан Сәденовті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі етіп тағайындау жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың Telegram арнасында жарияланған ресми ақпаратта.
Ержан Сапарбекұлы Сәденов 1968 жылғы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы «Құйған» ауылында туған. Полиция генерал-лейтенанты.
1993 жылы – С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін, 1998 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды жоғары мектебін бітірген.
I дәрежелі «Даңқ» (2026), I дәрежелі «Айбын» (2024) және II дәрежелі «Айбын» (2018) ордендерімен марапатталған
Қызмет жолдары:
– 1993-2009 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер бөлімшелерінде аға жедел уәкілден аумақтық департамент басқармасының бастығына дейін қызмет атқарды.
– 2009 жылдан 2022 жылға дейін Маңғыстау, Ақмола облысы және Нұрсұлтан қаласы көліктегі ішкі істер департаменттері бастығының орынбасары, бастығы лауазымдарында қызмет етті.
– 2022-2023 жылдары – Ішкі істер министрінің орынбасары.
– 2023 жылдың қыркүйек айынан – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
USD




