25 Тамыз, 06:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстанға Ресейден келген легионерлердің бәрі Олимпиадада ұтылды

10 Тамыз 2024 18:46
- Жаңалықтар, Қайнар
Қазақстанға Ресейден келген легионерлердің бәрі Олимпиадада ұтылды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ПАРИЖ. 10 тамыз. Олимпиадаға Қазақстан атынан қатысқан ресейлік легионерлердің ешбірі командаға ешқандай пайда әкелген жоқ. Бұл туралы Aikyn.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қазақстанның 79 спортшысы Париж Олимпиялық ойындарына жолдама жеңіп алды. Олардың арасында басқа елде туып, Қазақстан атынан барғандары да бар. Өкінішке қарай, легионер спортшылардың бірде-бірі француз астанасында  жүлдегерлер тұғырына көтеріле алмады.

Олимпиадалық құрама сапында 11 легионер болды. Олардың басым көпшілігі Ресейден келген болатын. Соның ішіндегі теннисшілер Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина дәл Ойындар басталар алдында ғана оған қатысудан бас тартып,  спортшылардың санын екеуге қысқартып жіберді. Бұлардың алғашқысы Парижге барып тұрып, жарақат алғанын айтса, соңғысы Түркиядағы демалысынан кейін бронхит болып ауырып қалдым деген сылтауды шығара салды. Тағы бір теннисшілер Александр Бублик пен Александр Шевченко бірінші айналымда-ақ жарыс жолынан ұшып кетті. Қазақстанға Ресейден келген бұлардың арасындағы Бублик пен Путинцева біздің елдің намысын 2012 жылдан бастап қорғап жүрсе, Рыбакина 2018 жылы азаматтық алды, ал Шевченко  биыл бұлардың сапына қосылды.

Украинада туған Александр Недовесов өзімен аттас Александр Бубликпен жұптық бәсекеде өнер көрсетті. Олар алғашқы айналымда бразилиялық теннисшілерге есе жіберді.

Тағы бір ресейлік Екатерина Шабалина болмайтын жерде жарыспен қоштасты. Триатлон сайысына қатысқан ол сайыс кезінде Сена өзенінің ешкім аузын былғамайтын лас суын ішіп қойып, асқазанын бүлдіріп алды. Осылай жоқ жерден құсықпен арпалысып, жұрттың мазағына ұшыраған оған дисквалификация берілді. Сөйтіп, өзіне артылған сенімді де, салынған ақшаны да ақтамады. Ол 2020 жылы Қазақстан азаматтығын алып, біздің елдің атынан жарыстарға қатыса бастады. Алайда, өзге легионерлер секілді шетелде емес, Астанада тұрып жатыр.

Ескек есу спортында сырттан келгендерге көбірек сенім артқанбыз. Алайда Өзбекстанда дүние есігін ашқан Тимур Хайдаров каноэде 500 метрге ескек есуден жартылай финалдық кезеңге өте алмады. Ол әріптесі Сергей Емельяновпен бірге қатысқан еді.

Украинадан 2013 жылы қоныс аударған Сергей Токарницкий байдарка есуді қатырған жоқ. Спортшы Бекарыс Раматулламен бірге ширек финалдан ары аса алмады.

Он жылдан астам еркін күрестен аса ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген Юсуп Батырмурзаев бар. Жақында Олимпиада лицензиясы үшін оған Ақтөбеден пәтер, көлік кілті табыс етілген. Бірақ сенім артқан спортшымыз алғашқы айналымда Польша өкілі Робер Бараннан жігерсіз жеңілді. Дегенмен, Юсуптың ресейлік болғанымен, қазақпен туыс ноғай жұртының өкілі, яғни бізбен қаны да, тілі де бір азамат екенін айтып қоюымыз керек.

Жеңіл атлетикада Кениядан легионерлер алдырдық. Бірақ олар Олимпиадада біздің спортшылардың көрсеткішінен әрі аса алмады. Айталық, 10 шақырымға жүгіруден Дэйзи Джепкемей мәреге 17-ші келді. Мұндай нәтиже сырттан легионер алудың қаншалықты дұрыс екенін федерация басшысы Даниал Ахметов айта жатар деп ойлаймыз. Сол сияқты 2022 жылы жеңіл атлетикадан Қазақстан атынан тұңғыш әлем чемпионы атанған Нора Джеруто да сенімді ақтаған жоқ. Бір жастағы баласы бар спортшы 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалда тоғызыншы орын алды.

Мұның есесіне, Қазақстан Олимпиялық ойындарда осы күнге дейін жеті медаль жеңіп алған болса, соның барлығын өзіміздің өрендер әкелген екен.

Олар мыналар:

Алтын медаль

Елдос Сметов – Жамбыл облысының тумасы;

Күміс медаль

Демеу Жадыраев – Жетісу облысының тумасы;

Нұрбек Оралбай – Жамбыл облысының тумасы;

Нариман Құрбанов – Алматы қаласының тумасы;

Қола медаль

Назым Қызайбай – Алматы облысының тумасы;

Ислам Сәтпаев – Алматы қаласының тумасы;

Александра Ле – Алматы қаласының тумасы;

Ғұсман Қырғызбаев – Түркістан облысының тумасы.

Таңбалар: қазақстан құрамасылегионерлерПариж Олимпиадасы

Ұқсас мақалалар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026
Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті
Жаңалықтар

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Талғат Байсуфинов қызметінен кетті

22.06.2026
Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар

Қазақ боксшылары Әлем кубогының екінші кезеңін екінші орынмен аяқтады

21.06.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist