17 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қазақстан құрамасы топ лидерімен қонақта тең ойнады

13 Қазан 2025 23:43
- Жаңалықтар, Сайыс
Қазақстан құрамасы топ лидерімен қонақта тең ойнады
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

СКОПЬЕ. 13 қазан. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде қонақта Солтүстік Македониямен 1:1 есебімен тең ойнады. Бұл туралы «Футбол на Куличках» сайты ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Солтүстік Македония – Қазақстан 1:1 (0:0)

13 қазан. Скопье. «Тоше Проески ұлттық аренасы», 19 929 көрермен.

Төреші: Хуан Мунера (Испания)

Солтүстік Македония: Столе Димитревски, Андрей Стойчевски (Никола Серафимов, 75), Дарко Велкоски (Дарко Чурлинов, 46), Джоер Зайков, Эгзиян Алиоски, Боян Илиевски, Исник Алими (Александр Трайковски, 75), Боян Миовски (Тихомир Костадинов, 46), Энис Барди, Эльиф Эльмас, Милан Ристовски (Эльмин Растодер, 62).

Қазақстан: Мұхаммеджан Сейсен, Бағдат Қайыров, Әлібек Қасым, Нұралы Әліп, Ян Вороговский (Наурызбек Жагоров, 86), Бақтияр Зайнутдинов (Дамир Қасаболат, 86), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (Муроджон Халматов, 70), Ислам Чесноков, Ғалымжан Кенжебек (Дәурен Жұмат, 61),Иван Свиридов (Артур Шушеначев, 61).

Голдар: Дінмұхамед Қараман (54), Энис Барди (74).

Ескертулер: Исник Алими (45+1), Бақтияр Зайнутдинов (64), Бағдат Қайыров (65), Исламбек Қуат (81), Дәурен Жұмат (90+4), Мұхаммеджан Сейсен (90+6).

Бас жаттықтырушы орынтағына Талғат Байсуфиновтың қайтып келуімен бірге Қазақстан құрамасы күрт жандана бастады. Оның тізгін ұстауымен өткен бірінші ойында біздің команда Лихтенштейнді өз алаңында 4:0 етіп күйрете жеңгеннен кейін Скопьеде алаң иелерін ұтып кете жаздады.

«Қаршығалар» бүкіл кездесу барысын жоғары деңгейде өткізді. Әсіресе, бірінші таймда меймандардың басымдығы айқын байқалып тұрды. Оларда 26-минутқа дейін 2:0 етіп тұратындай мүмкіндік болды. Бірақ соның алдында Ислам Чесноков тепкен доп қақпа бағанынан биіктеу ұшып өтсе, Бағдат Қайыров «тоғыздықтың» үстінен жіберді.

Бұдан кейін македониялық Ристовски гол соғудың екі сәтін дұрыс пайдалана алмады. Миланның бірінші соққысын Мұхаммеджан қайтарды, ал екіншісі қақпа бағаны жанынан зымырап өте шықты.

Екінші таймның басында алаң иелері белсендірек қимылдады. Бірақ нәтижемен көзге түскен олар емес, қонақтар болды. Қарсыластар қақпасы алаңында Столе Димитревскидің қателігін Дінмұхамед Қараман жақсы пайдаланып, артқа қарай өз бойынан асыра доп ұрып, кездесудің есебін ашты.

Бұдан кейін македониялықтарға шегінер жер қалмады. Іріктеу циклында өз алаңында ұтылу олар үшін өте қолайсыз нәрсе еді. Себебі, осы матчқа дейін 12 ұпай жинап үлгерген олар J тобының турнир кестесінде 1-орында тұрған болатын.

Кейінірек Тихомир Костадиновтың өз мүмкіндігін босқа жіберіп алса, Энес Барди қақпадан отыз метр жерден белгіленген айып добын нысанаға дәл жеткізіп есепті теңестірді.

Матчтың соңында екі жақ та есепті өзгерте алатындай жағдайда болды. Алайда олар бұдан нәтиже шығара алмады. Таблодағы есеп өзгеріссіз қалды.

Айтары жоқ, Қазақстан құрамасы топ басында тұрған команданың бірімен ойынды өте жоғары деңгейде өткізді. Сосынғы бір жайт, алаңдағы арбитр көп жағдайда македониялықтарға болысып жүрді. Алайда бұл біздің жігіттердің сағын сындыра алмады.

Қазақстан құрамасы осылайша Талғат Байсуфинов жетекшілік еткен қазан айындағы екі матчын да жоғары өрлеу үстінде өткізді. Команда 15 қарашаға белгіленген топтағы соңғы ойынында Бельгияны қабылдайды. Бұлардың мұның алдындағы бірінші кездесуінде «қызыл фурия» өз алаңында 6:0 есебімен ұтып кеткен еді. Сол кездесуден кейін бас жаттықтырушы Әли Әлиев өз еркімен доғарысқа кетті.

 

Таңбалар: қазақстан құрамасыСолтүстік Македонияфутбол

Ұқсас мақалалар

Конституциялық сот Тоқаевтың қайта сайлауға түсуге құқылы екенін дәлелдеп берді
Жаңалықтар

Тоқаев шахмат олимпиадасында екінші орын алған Қазақстан құрамасын құттықтады

28.09.2026
Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды
Дәулет

Ақтөбеде заман талабына сай футбол стадионының құрылысы басталды

12.09.2026
Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар

Сүйінші! Қазақстан кадеттер құрамасы дзюдодан әлем чемпионы атанды

24.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

    Қызылордада ағза донорлығы мен трансплатация жөнінде іс-шара өткізілді

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Ердоған 2028 жылы өтетін Түркия президентін сайлауға қатысады

  • Президент барлық деңгейдегі мәслихаттар өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Берлиннің төрінде Сыр өңірі өнерінің хас шеберлері өнер көрсетті

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist