19 Қазан, 06:10
RAST.kz
USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Қарағанды – Жезқазған автотрассасының құрылысы ресми түрде басталды

11 Шілде 2026 17:56
- Дәулет, Жаңалықтар
Қарағанды – Жезқазған автотрассасының құрылысы ресми түрде басталды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

ЖЕЗҚАЗҒАН. 11 шілде. Жезқазған – Қарағанды арасындағы автожолмен параллель тағы бір үлкен автотрасса салынғалы жатыр. Бұл туралы «Казахстанская правда» ақпарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Жезқазған – Қарағанды жаңа жолы бұрыннан бар трассамен қапталдаса қатар салынады. Жол атымының жалпы ұзақтығы 457 шақырымды құрайды, оның 355 шақырымы – Ұлытау, 122 шақырымы Қарағанды облыстарының территориялары бойымен өтеді. Құрылыстың тапсырыс берушісі ретінде «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы әрекет етеді. Жұмыс 2029 жылы толық аяқталады деп жоспарластырылып отыр.

Бұдан бірер күн бұрын болып өткен жол құрылысының басталуы салтанаты рәсіміне Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекбаев, Ұлытау облысының әкімі Дастан Рысбеков, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Дархан Иманашев қатысты.

«Бүгін біз үшін тарихи күн – біз Қазақстанның бүкіл көлік жүйесі үшін стратегиялық маңызы бар түйінді инфрақұрылымдық жобалардың бірін бастаймыз. Келешекте бұл трасса еліміздің солтүстігі мег орталық өңірлерін оңтүстік өлкелерімен жалғастыратын аса маңызды көлік дәлізі болады. Қозғалыс дайын болған бөліктер бойынша кезең-кезеңімен пайдалануға беріліп тұрады», – деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.

Жоба қазіргі заманғы қауіпсіздік және сапа талаптарына сай келетін екінші техникалық санаттағы екі жолақты автомобиль жолының құрылысын жүргізуді қарастырады.

«Бұл жобаның ерекшелігі – алғаш рет DBM (Design – Build – Maintain) форматында жүзеге асырылып отыр. Яғни мердігер нысанның бүкіл өмірлік цикліне – жобалаудан бастап құрылысқа және кейінгі жеті жыл бойы күтіп-ұстауға дейін толық жауап береді. Мұндай тәсіл жобалаушылар мен құрылысшылар арасындағы келіспеушіліктердің алдын алып, жобаның қымбаттау және мерзімінің созылу тәуекелдерін азайтуға, сондай-ақ бұрынғы жобаларда кездескен даулы мәселелерді болдырмауға мүмкіндік береді. Барлық жауапкершілік мердігер ұйымның мойнында болады, бұл жобаны тиімді әрі ашық іске асыруға жол ашады. Жұмыстарды 2029 жылы аяқтап, жол қозғалысын ашуды жоспарлап отырмыз», – деді Дархан Иманашев.

Жол құрылысы бір мезгілде төрт учаскеде жүргізіледі. Әрқайсысы бойынша мердігер ұйымдар анықталған. Қазір құрылысшылар жерді дайындауға кірісті.

Қазіргі таңда екі облыс орталығының арасын жалғап жатқан жолдың жағдайы өте нашар деуге болады. Тек Қарағандыдан Жаңаарқаға дейінгі бөлік қана көліктердің жүруіне біршама жарамды. Бұдан арғы – Жезқазғанға дейінгі 300 шақырым жер шұрық-тесік, шұңқырға толы. Бұған дейін трасса жағдайын жақсарту оларды жамап-жасқау жолымен ғана жүргізіліп келген.

«Қарағанды – Жезқазған» автожолын реконструкциялау өңірдегі ең ірі жол жобаларының біріне айналады. Құрылыс аяқталғаннан кейін өңірлер арасындағы көлік қатынасы едәуір жақсарып, жол қозғалысының қауіпсіздігі артады және жол жүру уақыты қысқарады.

Осымен бір мезгілде Ұлытау облысында «Жезқазған – Қызылорда» трассасын жаңартып салу жалғасып жатыр. Өткен жылы мұнда 50 шақырымнан астам жерге асфальт төселіп, жұмыстың 70 пайызы аяқталған. Жоба 2027 жылы аяқталады деп күтіліп отыр.

Таңбалар: жол құрылысыҚарағанды-Жезқазған трассасыНұрлыбек Нәлібаев

Ұқсас мақалалар

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты
Әлеумет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматы облысының жолдары жағдайымен танысты

10.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев Алматыда ірі жобалардың орындалу барысымен танысты

08.10.2026
Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады
Дәулет

Нұрлыбек Нәлібаев шетелдік компаниялар басшыларымен инвестиция жайын талқылады

06.10.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

    Бейсенбай СҮЛЕЙМЕНОВ: Сүйем мен сені, сүйем мен сені, көкірегі ыстық дүние!

  • Жаңақорған ауданында Машбек Нәлібаевтың 100 жылдығына арналған турнир басталды

  • Дусматовтың жекпе-жегіндегі нокаут үшін «Гелендваген» тігіледі

  • АҚШ Конгресі Трамптың Путинмен дизель жөнінде келісімге келуіне тыйым салды

  • Зеленський дизель жөнінде Путинді тыңдауды ұсынған Трампқа қатты айтты

  • Зеленський Трамптың сөзіне еріп, Украинаны жауға бере салуға ықтияр емес

  • Зеленськийдің Трампқа қатысты әрекеті ЕО басшыларын «естен тандырды» 

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 452.12 ₸
EUR EUR 508.95 ₸
RUB RUB 5.41 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist